Прима-қобыз аспабында орындаушылық

Автор: МКҚК «№ 3 балалар музыка мектебі». Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Прима-қобыз аспабында орындаушылық Ақтөбе қаласы Қарғалы селосы № 3 Балалар музыка мектебінде 2015 жылдың 6 қараша күні мектептің қобыз класы оқытушысы Р. С. Абилдинаның «Музыка мектебі оқушыларының прима-қобыз аспабында орындаушылық шеберлігін дамыту» атты тақырыпта шеберлік класы өтті.

Сабақтың мақсаты қобыз класы оқушыларының бойында аспапты меңгеруде орындаушылық дағдыларды қалыптастыру және шығармашылыққа баулу. Музыкалық шығармаларда кездесетін штрихтардың түрлері, динамикалық белгілер, ысқыштың бірнеше бөлікке бөлінуі, ырғақты сезіну, интонацияны таза есітуді қадағалау сияқты аспапты меңгерудегі білімділік және дамытушылық қағидалары айтылды. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы музыкалық шығарманы талдау,гамма жаттығулары,оң қол, сол қол қойылымдарынан бастап, техниканы өсіру, сольфеджио айту, ысқыш жүргізуде кездесетін қиындықтарды түзеу жолдары слайд пайдалану арқылы жан-жақты толық ақпарат берілді. Класс оқушылары: Жумалыева М., Тынымкереева Ж., Муйтенова А., Ғашықалы Ш. тақырыпқа байланысты Қазақстан, орыс және шетел композиторларының шығармаларын нақышына келтіре орындады.

Шеберлік сабағына Қалалық білім бөлімі атынан М. Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі тәрбие шығармашылық тобының мүшесі Баймурзин Н. және № 41 орта мектеп тәрбие шығармашылық тобының мүшесі Аймурзина Г.А. қатынасты. № 1 Балалар музыка мектебінен жас маман Алданай Бағдагүл Үмбетиярқызы, Қазанғап атындағы өнер мектебінен Аманжолова Айгүл Мырзағалиқызы, Балмұратова Камшат Қосақбайқызы, Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығынан Молдашева Гүлсима Нұрланқызы қатынасып өткізіліп отырған шараға байланысты өз ойларын ортаға салды.

Музыка өнерінің басты міндеттерін орындап, оларды тәрбие құралы, тәрбиелік үрдісті жүзеге асырудың жолы ретінде пайдалану қажет. Келешекте оқушыларымыздың осы прима-қобыз аспабына байланысты орындаушылық қағидаларды есте ұстап, елімізге қажет маман қалыптасады деп сенеміз.

Музыка мектебі оқушыларының прима-қобыз аспабында орындаушылық шеберлігін дамыту Музыка мектебі оқушыларының прима-қобыз аспабында орындаушылық шеберлігін дамыту Музыка мектебі оқушыларының прима-қобыз аспабында орындаушылық шеберлігін дамыту

Tags: шебер-класс Қосымша білім № 3 балалар музыка мектебі № 3 б

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда