Ел боламын де-сең бесігіңді түзе

Автор: Сағиева Г.И., № 45 орта мектеп бастауыш класс мұғалім. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

imagesЗаманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Ел боламын де-сең бесігіңді түзе» деген даналық сөзінде терең мағына жатыр. Осы сөзге сү-йене отырып, бала тәрбиесіне кішкене кезінен бастап ұсақ-түйек деп қарамай терең мән беру керек деп ойлаймын. Ата-ана бүлдіршінін мектеп жасына жеткенше баулыса, ары қарай мектеп және ұстазбен тығыз байланыста бола отырып, баланы жан-жақты етіп дамытады. Өйткені баланың үйде байқалма- ған қырлары, іштегі дарыны мектепте, яғни ұстаздарының көмегі арқылы ашылып жатады.

imagesОсы сөздеріме дәлел ретінде таяуда Ақтөбе қаласындағы № 45 орта мектепте болып өткен «Қош бол, құтты Әліппем!» ертеңгілігін айтуыма болады. Бұл оқу жылында мектепте үш 1-класс бар. Олардың класс жетекшілері Тәжиева Шынар, Байдрахманова Нұржамал және Мысина Айдана. Олар өздерінің қызметтерін адал атқарып журген еңбекқор жандар. Себебі, осы аты аталған ұстаздар әліппемен қоштасу ертеңгілігінен-ақ өз шәкірттеріне аз уақыттың ішінде жан-жақты тәлім-тәрбие мен білім нәрімен сусындатып жатқандықтарын аңғартты. Оқушы шығармашылығынан бастап, олардың ән-биге деген құмарлық, сахналық көріністердегі шеберліктері де қамтылған. Сонымен қатар, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші» оқушылардың ата-аналары да іс-шараға белсене қатысып, балаларының өнеріне тәнті болды. Бұл ұстаздарымыздың ерен еңбегінің жемісі деп білемін. Егер мектептегі әр ұстаз өз ісін осылайша сүйіп атқаратын болса, онда ұлтымыздың болашағы жарқын боларына сенемін!

Tags: № 45 орта мектеп Мектептер

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда