Білім беру мекемесі мұғалімдерінің бірлескен әдістемелік сайты

Автор: Тажимишев A.A., № 45 орта мектеп директоры. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

imagesЖуырда «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Ең үздік сайт» облыстық байқауын өткізген болатын. Осы байқау нәтижесі бойынша «Білім беру мекемесі мұғалімдерінің бірлескен әдістемелік сайты» номинациясы бойынша мектебіміздің web-сайты І дәрежелі дипломға ие болып, үздік атанды. Мектептегі жаңалықтың жаршысы болып табылатын web-сайтымыз 2013 жылдың 19 қарашасы, яғни мектебіміздің 1 жылдық мерейтойы қарсаңында өз жұмысын бастаған болатын. Көріп отырғанымыздай, 1 жылдан астам уақыты өткен соң web-сайтымыз «Үздік» атанып отыр.

«Бұл сайттың басты мақсаты – білім мен тәрбие беру үрдісіндегі мектеп – оқушы – ата-ана байланысын нығайту, оның өзара тиімді іс-әрекеттесу мүмкіндіктерін ашу және осы әрекет аясында шығармышылық белестер мен шыңдарға жету»-деп осы сайттағы өз блогымда атап көрсетіп кеткен болатынмын. Сайт, жоспарланған мақсатқа сай оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктерінің хабаршысы және мектеп өмірінің айнасына айналып отыр. Мұндай жетістік № 45 орта мектеп ұжымының бірлескен күнделікті еңбегі арқасында келді.

Әрине, осы тұста web-сайттың «құрылысшысы», веб-дизайнер Дмитрий Корчуков атты азаматқа өз алғысымды айтқым келеді. Дмитрий біздің мектептің веб-дизайнері ғана емес, ол осы Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының www.aktobe-gnmc.kz сайтыныңда веб-дизайнері. Дмитрийге өзінің қызықты және тыңымсыз еңбегінде үлкен жетістіктер мен табыстар тілеймін.

Tags: Тажимишев А.А. Мектептер

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда