При сильной ООН мир становится лучше

Автор: Альтина А.А., МҚКК «Қалалық көркемсурет лицейі». Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Республиканский конкурс рисунков «При сильной ООН мир становится лучше» 27 ноября 2015 года в г. Алматы состоялось торжественное подведение итогов Республиканского конкурса рисунков «При сильной ООН мир становится лучше». 2015 год ознаменован яркими событиями в международном календаре, такими, как празднование 70-летия ООН и 70-летия ЮНЕСКО. Организация Объединенных Наций является уникальной структурой, которой нет равных по представительности и универсальности. В ней человечество осознает свое единство в многообразии и общую сопричастность к развитию всего Мира. В свою очередь, ЮНЕСКО, будучи специализированным агенством ООН по широкому кругу гуманитарных вопросов, работает над созданием условий по выстраиванию диалога между культурами и народами.

Жобалық зерттеушілік жұмыс

Автор: Аймагамбетова Ш.Ж., Новый орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Жобалық зерттеушілік жұмыс Мақсаты: тәжірибелік міндеттерді шешу үшін негізгі және жобалық басқару дағдыларын қалыптастыра отырып, мұғалімдердің жеке тұлғалық біліктіліктерін дамыту» педагогикалық шеберхана тұсаукесері ҚҒӘО әдіскері А. Садықова мен Новый орта мектебінің директоры А.М. Кисикованың құттықтау сөздерімен басталып, «Жобалық зерттеушілік жұмыс – мұғалімнің шеберлігін шыңдау жолы» атты шығармашылық зертхана тұсаукесерінің ұйымдастыру бөлімімен жалғасты.

«Ұстаз-ұлағатты ұлы тұлға» атты тақырыпта Новый орта мектебінің директоры А.М. Кисикова мектеп тарихына тоқталып, бүгінгі таңдағы мектептің жеткен жетістіктері айтылды. Сол жетістіктерге жетуде өз үлесін қосып жүрген география пәнінің мұғалімі Аймагамбетова Шынар Жолдыбаевнаның шығармашылық портретімен таныстырды. Оқушыға білім мен тәрбие берудегі жетістіктерімен қоса, мұғалімнің өзінің кәсіби шеберлігін шыңдауда жеткен жетістіктерін атап өтті. Мұғалімнің соңғы үш жылдағы шығармашылық жұмыстары арнайы дайындалған слайд-шоу түрінде көрсетілді. Мектеп директоры педогогикалық шеберханаға сәттілік тіледі.

Физикалық «Квант» турнирі

Автор: Ескалиева Г.Т., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың 28 қазанында қалалық іріктеу физикалық «Квант» турнирі № 6 ОМ базасында өткізілді. Барлығы 98 оқушы (9,10,11 класс оқушылары) қатысты. «Квант» турниріне оқушылар қызығушылықпен қатысты.Жулделі орынға ие болған оқушылар қалалық құрама тобы болып облыстық турнирінде өз білімдерін сынамақшы. Қала абыройын асқақтатуға жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!

Физикалық «Квант» турнирі Физикалық «Квант» турнирі Физикалық «Квант» турнирі

Жұмыс жасау кезіндегі ізденімпаздығын дамыту жолдары

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Жұмыс жасау кезіндегі ізденімпаздығын дамыту жолдарыҚалалық ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, 2015 жылдың 21 қазан күні, № 46 орта мектебінде «Бастауыш класс оқушыларының жұмыс жасау кезінде ізденімпаздығын (танымдық белсенділігін) дамыту жолдары» тақырыбында бастауыш класс мұғалімдеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге шағын топ бойынша 19 мектептің мұғалімдері қатысты.

Іздену, жаңалыққа ұмтылу – бүгінгі күннің талабы. А.Байтұрсынов «Ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» деген еді. Міне, осыған орай мектеп директоры А.З.Сакауова бастаған ұстаздар деңгейлік курс бағдарла–маларын кеңінен қоланып, өздерінің іс–тәжірибелерінде қолданылатыны анық көрінді. Дөңгелек үстел бастауыш класс мұғалімдерінің коучингі түрінде ұйымдастырылды.

Математика пәнінен қолданбалы курстарды

Автор: Ескалиева Г.Т., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығының жоспарына сәйкес № 13 орта мектебінде 2015 жылдың 23 қазанында «Математика пәнінен қолданбалы және факультативтік курстарды ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында қалалық семинар–практикум өтті. Семинарға қала мектептерінен 25 мұғалім қатынасты. Мектеп мұғалімдері семинар-практикум барысында «Математикалық сауаттылықты арттырудағы логикалық есептердің маңызы», «Кейбір олимпиада есептерінің шығару тәсілдері», «Использование технологии критического мышления при решении сложных задач на ЕНТ» тақырыптары төңірегінде өз тәжірибелерімен бөлісті. Ұйымдастырылған шаралар мен ашық сабақтар мазмұнды, әрі тартымды өтті.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда