Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Автор: Ауесханова Г.А., МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының». Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

1 қазан 2015 жылы Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының педагогикалық және балалар ұжымы Облыстық қарттар және мүгедектер үйінде «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Концерт барысында үлгілі «Айгөлек» хореографиялық ұжымының бишілері «Қуанамын», ырғаққа толы «Үнді», сезімге толы «Испан» биін мың бұрала биледі.

Қарттарын қадірлеген ел ардақты Қарттарын қадірлеген ел ардақты Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Ұрпақпен өмір жолы жалғасады

Автор: № 10 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

29 қазан күні Ақтөбе қаласы № 10 орта мектебінің базасында Ақтөбе қаласының білім бөлімі, Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығы және қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Ұрпақпен өмір жолы жалғасады...» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Шараға барлық еңбек жолын бала тәрбиесіне арнаған ардагер басшылар мен биылғы оқу жылы бағдарламамен келген жас мамандар шақырылды. Қаламыздағы білім мекемелерін бірнеше жыл бойы абыроймен басқарып, зейнеткерлікке шыққан білікті басшылар бүгінгі күнде жас директорларға тәлімгерлік етіп келеді.

Ұрпақпен өмір жолы жалғасады Ұрпақпен өмір жолы жалғасады Ұрпақпен өмір жолы жалғасады

Орай спорттық туризм техникасы бойынша ашық біріншілік

Автор: Жанайдаров Ж.Т., МҚКК «Қалалық жас туристер станцасы». Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Халықаралық туризм күні 29.09.15 – 30.09.15 ж. күні Россовхоз елді мекеніндегі «Достық» лагерінде мектеп оқушылары арасында Халықаралық туризм күніне орай спорттық туризм техникасы бойынша ашық біріншілік өтті. Мақсаты: спорттық-туристік шеберліліктің арттырылуы, салауатты өмір салтын насихаттау маңызды тәрбиелік құрал ретінде, жастар арасында туризмді дамыту, командалар арасында ең мықтыларды анықтау. Жарысқа барлығы 14 мектеп қатысты: № 5 ОМ «Барыс - 1», «Барыс - 2», «Балапан» командасы; № 24 ГМЛ «СССР» командасы; № 31 ОМ «Экстрим» командасы; № 53 ОМ «Роза ветров» командасы; № 48 ОМ «Қыран» командасы, № 8 ОМ «Адреналин» командасы; № 45 ОМ «Жалын» командасы; ҚЖТС «Nort west» командасы; № 39 ОМ «Достық» командасы; № 40 ОМ «Следопыт» командасы; Россовхоз ОМ «Росс - Вегас» командасы; Благодар ОМ «Достар» командасы жарысқа қатысқан болатын.

Жарыстың бағдарламасы бойынша бірінші күні «Жол кедергілері» дистанциясы, фотосурет байқауы, командалардың өз - өзі таныстыру және ең қызығы 00.00 - 04.00 – уақыт аралығында «Тосын сый» кезеңінен өтті.

Екінші күні «Лидер» дистанциясы бойынша жарыс өтті. Жарыста 14 команда бақ сынасты. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен командалар: I – орын: № 39 ОМ «Достық - 2» командасы, II – орын: № 24 ГМЛ «СССР» командасы, III – орын: Қалалық жас туристер стансасы «Nort west» командасы

«Ұстазым мақтанышым» атты ойын-сауық

Автор: Жанаева Ж.А., «Нұрсәт». Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

«Ұстазым мақтанышым» атты мерекелік шараның мақсаты педагогтарға және үлкендерге құрмет көрсете білуге тәрбилеу, балалардың музыкалық іс-әрекетке деген қызығушылығын, актерлық шеберлігін арттыру. Балалардың ұлттық сана-сезімін арттырып, халық шығармашылығына сүйіспеншіліктерін қызықтыру. Осы мақсатта ересектер мен мектепалды даярлау топ балаларының қатысуымен ұстаздарға концерт ұйымдастырылды.

Ұстазым мақтанышым Ұстазым мақтанышым Ұстазым мақтанышым

«Үздік бастауыш мұғалімі» PR-акциясы

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

«Үздік бастауыш мұғалімі» PR-акциясыАқтөбе қаласының білім бөлімі және Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығының жоспары негізінде мұғалімдер мерекесі қарсаңында қала мектептерінің бастауыш класс мұғалімдері арасында «Үздік бастауыш мұғалімі» PR-акциясы № 51 гимназия базасында өткізілді.

Мақсат – бастауыш буында білім мен тәрбие берудің бағыттарын жан–жақты меңгерген, психология, педагогика ғылымдары жетістіктерін тәжірибеге енгізе отырып, шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген мұғалімдерді анықтау, қоғамдағы мұғалім мәртебесін көтеру.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда