Отаншылдық – ұлы қасиет

Автор: Сарбаева С.Н., МКҚК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі». Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Отаншылдық – ұлы қасиетОтансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуін, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.

Құрметті «Алтын белгі» иегерлері

Автор: Уразбаева Л.А., Ақтөбе қаласының білім бөлімі бастығы. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Уразбаева Ляззат Аманжоловна Сіздерді 11 жылдық білімдеріңіздің дәлелі болған жоғары жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер үшін үлкен сынақ - ұлттық бірыңғай тестілеу барысындағы бар алған білімдеріңізді дұрыс сараптау болса, осы сынақта өз білімдеріңізбен бәйгеден оза біліп, нағыз биік шыңды бағындыра білдіңіздер.

Сіздер сияқты еліміздің болашағы – білімді де, білікті жастарды Ақтөбе қаласының тұрғындары үлкен мадақпен мақтан тұтады деп, зор сеніммен айта аламын. Ғасыр талабы жоғары, талғамы биік. Еліміздің ертеңгі тағдыры мен жаңа құрылымдары Сіздердің қолдарыңызда екенін бір сәт те естеріңізден шығармауларыңыз керек. Сондықтан да, ғылым мен білімді игеру барысында ерінбей еңбектеніп, талмай талаптанып, нәтижеге қол жеткізуге аса жауапкершілікпен қараңыздар!

Болашақта тәуелсіз еліміздің көк байрағын барша әлемге паш етіп, желбіретер ел патриоттары деген сеніммен Сіздерге ақ жол, сәтті қадам тілеймін!

35 лет неуспокоенности и творчества

Автор: Темирханова Р.К., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Солохова Татьяна Николаевна Яркий, незабываемый праздник состоялся в школе «Шанырак». Творческий отчёт «Школьная академия» Солоховой Татьяны Николаевны – Мастера своего дела, человека, влюблённого в свою профессию, умеющего увлечь и повести за собой.

Интересно, легко ли выучить английский язык? Конечно же, нет. Но еще труднее научить этому других. И этим сложным делом вот уже 35 лет занимается Татьяна Николаевна. Не угас яркий огонь, зажжённый много лет назад в душе юной студентки. Именно такой запомнили её и знают однокурсники, коллеги, представители высших учебных заведений.

Ғылыми-тәжірибелік конференция

Автор: Садықова А.С., Бакешова А.Н., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Ғылыми-тәжірибелік конференцияАқтөбе қалалық білім бөлімі, ғылыми-әдістемелік Орталығының ұйымдастыруымен қала мектептерінің жаратылыстану пәндері мұғалімдері арасында «Математикалық және жаратылыстану ғылыми пәндерін дамытуда функционалдық сауаттылық негіздерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда қалыптастыру» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияда жаратылыстану пәні мұғалімдерінің білімі мен біліктілігі, кәсіби шеберлігі, шығармашылдығы, жаңа технология мен оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін меңгеру деңгейлері, оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу және функционалдық сауаттылық білімдерді насихатталды. Сонымен қатар оқушылардың рухани жан дүниесі бай, жан – жақты жетіле дамыған жеке тұлға қалыптастыру басты мәселе болды.

Талантты бала талпынған құстай

Автор: Сағиева Г.И., № 45 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

images Ақтөбе қаласындағы № 45 орта мектеп қаламыздағы болашаққа қарай қарыштай қадам басып келе жатқан жас мектептердің бірі. Оған мектебімізде өтіп жатқан түрлі апталықтар, семинарлар, сайыстар және қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға ат салысып, топ жарып шығулары дәлел бола алады.

Мектепте әдістемелік бірлестіктер жұмыс жасайды. Олар өздерінің жоспарлаған апталықтарын өте қызықты етіп өткізуде. Соның бірі бастауыш әдістемелік бірлестігінде болған «Талантты бала талпынған құстай» атты апталық. Апталық барысында «Өнерлі өрге жүзер» атты 2-кластар аралығында танымдық сайыс, 3-кластар аралығында «Кім зерек?» атты білімділер байқауы, ал 1-кластар қиял-ғажайыпқа толы ертегі әлеміне саяхаттап «Ертегі әлемінде» атты ертеңгілік өткізді. Сонымен қатар Ұлы Жеңістің 70 жылдығына 4-класс оқушылары ғылыми жобалар қорғады. Ата-аналармен біріге отырып «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» толуына орай «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» атты тәрбиелік шара өткізді. «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші шәкірттердің талантын тап басып тани біліп, талаптарын ұштай білген бастауыш класс мұғалімдеріне ата-аналар да дән риза. Әрдайым талантты шәкірттеріміз ұстаздар мен ата-аналардың үміттерін ақтап, биіктерден көріне бергей!

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда