Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы

Автор: Болатқызы Ү., № 45 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы № 45 орта мектепте 2015 жылдың 9-18 ақпан «Өзін-өзі тану» пәні бойынша аралығында «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік ұйымдастырылды. Іс-шаралар аясында оқушыларға адамгершілік пен мейірімділік, өзара көмек әрекеттері туралы түсініктер беріліп, қамқорлық жасау дағдыларын дамыта отырып, өз өмірі үшін қолдануға бағытталды.

«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен «Әлі де жыр болып жазыларсың» атты әдеби-сазды кешпен ашылды. Бейнелеу пәні мұғалімі және сынып жетекшілердің бірлесуімен «Мейірімді ана» сурет және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар көрмеге қызыға қатысып, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсете білді. «Жүректен жүрекке» тілек бұрышы ілініп, оқушылар ұстаздарына деген ыстық ықыластарын жеткізді. Онкүндік аясында өзін-өзі тану пәні бойынша Махамбет Ш. 2 «А» класында «Отбасы жүрек жылуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында «Отбасы жылуы» сөзінің мағынасы ашылып, оқушылардың бойларында үлкендерге деген қамқорлық, сүйіспеншілік дағдыларын меңгертті. Башанова Э. оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында 6 «А» класында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар белсене қатысып, айналадағы адамдарды құрметтеу, жақсылық жасау қасиеттері кеңінен ашылды.

Табиғат пен экология – егіз ұғым

Автор: Калдыбаева М.С., № 45 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

images Жас ұрпақтың бойына табиғат тағдырына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, экологиялық білім беру, оны ғылыми түрде талдап шешу – әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.

Осы орайда Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы мен № 45 орта мектеп біріге отырып қалалық семинар ұйымдастырып, өткізді. Семинарға Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Нургалиева Жаңылсын Достангалиевна, қалалық білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Бакитжанова Гулдарига Шараповна және жалпы білім беретін мектептердегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Ардагерлер Елбасының амандығын тіледі

Автор: Оспанқызы Н., № 45 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

images 2015 жылдың 17 сәуірінде № 45 орта мектеп ұжымы Ақжар-2 тұрғындар алабында тұратын тыл ардагерлері: Шуиншалин Зинелкабден, Абдуллаев Турганбай, Муханова Мария, Кушкимбаева Асия, Сейткалиев Кулмухан, Умаров Сатыбалды секілді ата – әжелерімізді Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай тағайындалған ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Құрмет белгісі» медалімен марапаттауға арналған мерекелік шараға шақырып, кездесу кешін ұйымдастырып, сый-құрмет көрсетті.

Ата-әжелердің тұщымды әңгімелері арқылы тыңдармандар олардың балалық шағының өте ауыр болғанын, бала болса да еселі еңбек етіп, бұғанасы қатпай жатып жер жыртып, егін еккені туралы естіп, білді. Муханова Мария бүгінгі күнгі сый-құрмет, марапатқа ризашылығын білдіріп, еліміздің аманшылығын сатап отырған Елбасымыздың амандығын тіледі.

Бәсекеге қабілетті қоғам құру

Автор: Оспанқызы Н., № 45 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Бәсекеге қабілетті қоғам құру 2015 жылдың 15 сәуірінде Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы мен № 45 орта мектептің бірлесуімен "Бәсекеге қабілетті қоғам құру негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту" тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Семинарға жауапты гуманитарлық пәндер бірлестігінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері болатын. Семинарға қала мектептерінен келген әріптестеріміз жоспарланған ашық сабақтар, кластан тыс шаралар мен коучингтерге куә болды. Семинарды мектеп директоры А.А. Тажимишев пен ҚҒӘО әдіскері Қ.И. Куразова ашып, семинарға сәттілік тіледі.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру заман талабы

Автор: Тажиева Ш.С., № 45 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2015 жылы)

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын 2015 жылдың 15 сәуірінде «№ 45 орта мектеп» ММ-де бастауыш класс мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолындағы оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдері» атты семинар өтті.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын басшылыққа алып, оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алатындай білім беру мен тәрбиелеу керектілігі семинардың басты мақсаты етіп алынды.

Семинарға Қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың әдіскері Шалабаева Жұлдыз Бердібекқызы және қала мектептері мұғалімдері қатысты. Семинарда мектеп директоры Тажимишев Абзал Амантайұлы сөз алып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру қазіргі заман талабы екендігін атап өтті. Тажиева Шынар Серікқызы бастауыш кластарда функционалдық сауаттылықты арттыру мақсатында математика пәні бойынша берілетін тапсырмалар тізбегін айтса, Махамбет Шамшырақ Томатқызы дүние тану пәні бойынша функционалдылық сауаттылықтың тиімділігін айтып, түсіндіріп өтті.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда