«Тау барысы - 2016» жарысы өткізілді

Автор: Кенжатова А., МҚКК «Қалалық жас туристер станцасы». Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Тау барысы - 2016Қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында № 60 ЖББОМ 2016 жылдың 3-қарашасында, күзгі каникул уақытында тау туризмі техникасы бойынша «Тау барысы - 2016» жарысы өткізілді.

Жарыс оқушылардың спорттық-туристік белсенділіктерін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, спорттық-туристік бағытта ептілікке, шапшаңдыққа және батылдыққа баулу, тау туризмі техникасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жарысқа 7-10 класс оқушылары яғни ҚЖТС үйірмешілері қатысты, қатысушылар саны қырыққа жуық болды. Жарыс «Жеке» қашықтығы ретінде қарастырылды. Мұнда қатысушылар: «Жумармен көтерілу», «Антимаятник», «Аспалы өткел», «Бергшрунт», «Жасанды шыңға көтерілу және түсу» кезеңдерінен өтіп бақтарын сынады.

Жарыстың қорытындысы бойынша ұлдар арасында:
І орын – Култаев Әнуарбек № 1 ОМ;
ІІ орын – Сейлжанов Мади № 14 ОМ;
ІІІ орын – Назаренко Андрей АДК, Альджанов Даулет АКНИГ

Қыздар арасында:
І оры – Келдібаева Айгерім № 40 ОМ;
ІІ орын – Ермұхамбет Мәрмәр № 8 ОМ;
ІІІ орын – Кубенова Жұлдыз № 31 ОМ, Туребаева Дильназ № 8 ОМ.

Жүлдегерлер және белсенді қатысқан оқушылар ҚЖТС мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Тау барысы - 2016 Тау барысы - 2016 Тау барысы - 2016

Tags: Қосымша білім Қалалық жас туристер станцасы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда