«Қолөнер» үйірмесіндегі атқаратын рөлі

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Этнопедагогиканың «Қолөнер» үйірмесіндегі атқаратын рөлі 2016 жылдың 2 қарашасында Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйінің қосымша білім беру педагогі А. Т. Балмагамбетов «Этнопедагогиканың «Қолөнер» үйірмесіндегі атқаратын рөлі. ПВХ материалымен жұмыс істеу әдісі» тақырыбында қала көлеміндегі шебер-класын өткізді. Шебер-класқа қаламыздың 22 орта мектебінен және 2 қосымша білім беру мекемелерінен барлығы 30 педагог қатысты.

Шебер-кластың негізгі мақсаты қатысушыларды қобыз аспабын жасау технологиясының әдісімен таныстыра отырып, өзара тәжірибе алмасу болып табылады.

Міндеттері: осы заман ағымына сай келетін қазақ халқының байырғы қол өнерін жандандырып, жас жеткіншектердің үйренуіне, оны дәріптей білуге; байырғы қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтауға және ұмыт бола бастаған ұлттық қол өнерді саналарына сіңіре отырып, оқушылардың ұлттық қол өнерге қызығушылығын арттыру мен қатар, сол өнер саласына баулу және игеруге, өз қолымен жасауға ұмтылуға тәрбиелеу.

Шебер-класс өз деңгейінде өтті. Педагогтар өзара тәжірибе алмасып, пікірлерімен бөлісті.

«Қолөнер» үйірмесіндегі атқаратын рөлі «Қолөнер» үйірмесіндегі атқаратын рөлі «Қолөнер» үйірмесіндегі атқаратын рөлі

Tags: Шалабаева Ж.Б. Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі № 22 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда