«Екі жұлдыз» музыкалық конкурсы

Автор: Ауесханова Г.А., МҚКК «Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы». Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

«Екі жұлдыз» музыкалық конкурсы«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады» акциясы аясында МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығында» тұңғыш рет қалалық «Екі жұлдыз» музыкалық конкурсы ұйымдастырылды. Конкурсқа жалпы білім беретін мектептердің 8-10 класс оқушысы және бір пән мұғалімі қатысты.

Конкурс талабы 3 түрлі характердегі ән айту болатын: 1 – мультфильмдерден ән, 2 – ретро ән, 3 – заманауи эстрадалық ән. Конкурсқа Қызылжар ОМ, № 18 ОМ, Ғ.Ақтаев атындағы № 6 ОМ, № 25 ОМ, Пригород ОМ, № 31 ОМ, № 26 ОМ барлығы 20 үміткер қатысты. Әр дуэт өзіне ат таңдап алып, орындайтын әндеріне байланысты костюм, реквизиттер дайындаған. Қазылар алқасы міндетін атқаруға А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің «Ән» бөлімінің оқытушысы – Таубеков Қиындаш Елемесович, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның қызметкері, Халықаралық «Урал собирает друзей» конкурсының лауреаты Сейілханова Дана Хамитовна, «Жас қанат» конкурсының лауреаты Серікбаев Бекен Талбауұлы шақыртылды.

Конкурсты «Жалын» үйірмесінің ең кішкентай білім алушысы Төремұратова Гүлназ және «Актерлік шеберлік» үйірмесінің білім алушысы Лямцева Евгения жоғары деңгейде жүргізді. Жүргізушілер де әр турға байланысты киімдерін ауыстырып отырды, үміткерлер мен көрермендерің көңілін көтеріп отырды.

Конкурсқа жоғары дайындықпен келген Елек орта мектебінен келген «Гүлдер» тобы қазылар алқасының және көрермендердің көзіне бірден түсті. Әртістігімен, орындау шеберлігімен алға озып шыққан № 18 орта мектебі «Креатив» дуэті болды, «Мультфильмнен ән номинациясында Ғ. Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің «Шамшырақ» дуэті «Песенка мамонтенка» әнін айтып, ерекше өнер көрсетті. «Ретро әндер» номинациясы бойынша № 26 орта мектебінен келген «Аккорд» дуэті «Эхо любви» әнін жүректерімен айтқандары соншалық, барлық көрермен тұрып қошемет көрсетті.

«Екі жұлдыз» музыкалық конкурсы «Екі жұлдыз» музыкалық конкурсы «Екі жұлдыз» музыкалық конкурсы

Конкурс барысында Микки Маус, Мини Маус, Винкс сынды мультфильм кейіпкерлері («Жалын», «Актерлік шеберлік үйірмесінің білім алушылары) келіп көрермендермен көпшілік ойындар өткізіп, флеш моб билетті.

Қалалық «Екі жұлдыз» музыкалық конкурсының жеңімпаздары болып: ГРАН ПРИ – Елек орта мектебі, І орын – Пригород орта мектебі, ІІ орын – № 26 орта мектебі, ІІІ орын – № 18 орта мектебі анықталды. Жеңімпаздар ГРАН-ПРИ, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, «Көрермен көзайымы», «Ең сүйкімді жұп», «Сахналық түр, имидж», «Жұлдызды жұп», «Үйлесімді дауыс», «Актерлік шеберлігі жоғары» номинациялары бойынша МҚКК «БЖШО»-ның мадақтамасымен марапатталды. Конкурс от шашумен аяқталды.

«Екі жұлдыз» музыкалық конкурсы «Екі жұлдыз» музыкалық конкурсы «Екі жұлдыз» музыкалық конкурсы

Tags: Қосымша білім Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда