Шығармашылық сатысымен шеберлік шыңына

Автор: Альтина А.А., МҚКК «Қалалық көркемсурет лицейі». Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Шығармашылық сатысымен шеберлік шыңына Қалалық ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Шығармашылық сатысымен шеберлік шыңына» атты фестиваль-байқау қосымша білім беру педагогтарының шығармашылық және әдістемелік іздену белсенділігін арттыру мен қызметіндегі инновациялық жаңашылдығын қолдау мақсатында ұйымдастырылып келеді. Міне, биыл да дәстүрлі байқау жалғасын тауып, ұстаз жолын бастаған жас маманннан тәжірибелі педагогтар арасындағы сайыс аз уақыттың ішінде түрлі сабақтары мен жаңашыл жаналықтарын ашты.

Байқаудың 1-ші кезеңі 3-ақпан күні Қалалық көркемсурет лицейінің базасында ашылды. Сайыстың екінші кезеңінде байқауға қатысушы әрбір педагогтың ашық сабақтары өзінің жаңашылдығымен, ерекше тақырыптарымен, мұғалім мен оқушының байланысы, талпынысы тығыз да ыстық екені байқалды. «Менің педагогикалық ұстанымым» тақырыбындағы сайыстың үшінші кезеңінде біздің талантты ұстаздар шәкірттерімен бірге жұлдызды шеруін, шеберлігін көрсетті. Байқаудың қорытындысында ең озық, талантты, шығармашыл ұстаздар есімі соңғы сәтте белгілі болды.

Күні кеше, көктемнің шуақты күнінде қалалық фестиваль сайыстың жабылу салтанаты болды. Бұл күн мерекеге толы күн, жүздерінен қуаныш, көңілдерінен шаттық ұялаған жеңімпаз ұстаздар барлық қошеметке лайқты! Ән-күй, қошеметке толы жабылу салтанатының мәресінде сайыстың эстафетасы Көркемсурет лейцейінен әрі қарай № 1 Балалар музыка мектебіне берілді.

Қосымша білім беру педагогтарының шығармашылық Қосымша білім беру педагогтарының шығармашылық Қосымша білім беру педагогтарының шығармашылық

Tags: Қосымша білім Қалалық көркемсурет лицейі Альтина А.А. Нұрғалиева Ж.Д.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда