Тамыз конференциясының әсерлері

Автор: Копжасаров Б.У., МҚКК «Қалалық көркемсурет лицейі». Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Тамыз конференциясыТамыз конференциясы аясында Ақтөбе қаласының қосымша білім беру педагогтерінің көркем өнер бөлімдеріне қалалық семинар отырысы Қалалық көркемсурет лицейі базасында өтті. «Заманауи білім беру технологигяларын анықтау және эстетикалық циклдағы пәндердің тәсілдері мен балалардың дарындылағын дамыту» тақырыбында өткізілген семианарға қалалық қосымша білім беру мекемелерінің 12 педагогі көркемсурет лицейі шығармашылық пәндерінің мұғалімдері дайындаған семинар-тренингте болып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.

Қосымша білім беру педагогі Н.М. Құрманованың «Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық көмек беру мақсатында көркемсурет шығармашылығы әдістерін қолдау» тақырыбына болса, келесі тақырыпты қосымша білім беру педагогі А.А. Амитова «Балалар мен ата-аналардың бағалауында қосымша білім берудің қазіргі заманғы жүйесінің тартымдылығы» тақырыбында тренинг шебер-класын көрсетті. Қалалық семинардың осы бөліміне жауапты Қалалық көркемсурет лицейі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Р.Көпжасаров семинардың бағдарламасын өңдеп, семинар қатысушыларына көркемсурет лицейінің көрме залындағы оқушылар жұмыстарының «Алтын қорын» тамашалау үшін экскурсия өткізді.

Семинарға қатысушылар тақырыптардың өзектілігін, маңыздылығын, педагогикалық тәжірибиеде қолдануға тиімділігін, сонымен қатар оқушылар жұмыстарының сапасы мен көркемділігін атады. Ақтөбе қаласы қалалық білім бөлімі тынан осы қосымша білім беру педагогтерінің семинар отырысын дайындаған, ұйымдастырушылар мен өткізген педагогтерге Алғыс хаттар тапсырылды.

Заманауи білім беру технологигяларын анықтау Заманауи білім беру технологигяларын анықтау Заманауи білім беру технологигяларын анықтау

Tags: Копжасаров Б.У. Қосымша білім Қалалық көркемсурет лицейі

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда