Аясында педагогтардың көшбасшылық дағдыларын дамыту

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Аясында педагогтардың көшбасшылық дағдыларын дамыту2016 жылдың 4 қараша күні Ақтөбе орта мектебінде мектеп аралық «Шапағат» желілік қоғамдастығы «Білім мазмұнын жаңарту аясында педагогтардың көшбасшылық дағдыларын дамыту» тақырыбында № 31 ҚОМ және Красносель НМ көшбасшыларының ұйымдастыруымен қалалық семинар өткізілді. Семинарға № 5 ОМ, № 6 ОМ, № 31 ОМ, № 54 НМ, № 58 ОМ, Красносель НМ, Сазды ОМ және Ақтөбе ОМ ұстаздары және қалалық ғылыми әдістемелік орталығы директорының орынбасары С. А. Бектенгалиев қатысты.

Семинар барысында «Жаңаша оқытуға – жаңаша көзқарас» – № 31 ОМ директоры С. М. Баймағанбетова мектептегі іс тәжірибе барысымен әріптестерін таныстырды. «Көшбасшылық – тәжірибені жетілдіретін бағыт» тақырыбында көшбасшылар Бұғыбаева Н. Н, Қоспанова Г. Д. коучинг өткізді.

Коучинг барысында ұстаздар қауымы өзара кәсіби идеяларымен бөлісіп, белсенділік, қызығушылық танытты. Семинардың келесі бөлімінде «Ұстаз келбеті – нәтижелі сабақтар» тақырыбында № 31 ОМ мен Красносель ОМ ұстаздары панорамалық сабақтар топтамасын көрсетіп, көшбасшылар өз кәсіби тәжірибелерін ортаға салып, семинардағы жағымды бірлескен іс-әрекет ұстаздардың үздіксіз кәсіби дамуына ықпал етті.

images images images

Tags: Шалабаева Ж.Б. семинар Мектептер № 31 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда