Жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламасы

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламасы2016 жылдың 23 қазаны күні № 42 орта мектебінде «Жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламасы: тәжірибе, толғаныс» тақырыбында қала мектептерінің 1-класс мұғалімдеріне және критериалды бағалауды мектептерде үйлестіруші бағытында біліктілігін арттырып, курстан өткен мектеп директорларының орынбасарларына арналған «Педагогикалық шеберлік орталығы» мен «Қалалық ғылыми әдістемелік орталығымен» бірлескен дөңгелек үстел барысында пікірталас өтті. Пікірталасқа қала мектептерінен 81 педагог қатысым жасады.

Дөңгелек үстел жұмысын № 42 орта мектеп директоры Р. Е. Сексенов бастап, «Педагогикалық шеберлік орталық» ДББҰ директоры Табилия Адиетқызы қатысушылармен «Жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламасы аясындағы ерекшеліктер, жоспарлар, қосымша ақпараттар» тақырыбында ой бөлісті. Жаңалықтарды талқылады.

«Критериалды бағалау мүмкіндіктері» тақырыбында ПШО тренері А. Д. Уразбаева коучинг сабақ жүргізді. «Мәтіннің биогрфиялық картасын жасау әдісі» тақырыбындағы коучинг жұмысын ПШО тренерлері М.Жантурина мен А. Жубангарина жүргізсе, «Бағдарлама аясында ғы алғашқы қадамдар» тақырыбынды іс – тәжірибемен Благодар орта мектебі мен № 12 орта мектеп бастауыш класс мұғалімдері өз жұмыстарымен бөлісті.

«Жаңартылған білім беру жүйесіндегі кәсібилік пен көшбасшылық» тақырыбында және қаладағы қоғамдастық жұмысына талдау жасап, талқылау жұмыстарын қалалық ғылыми әдістемелік орталықтың бөлім басшысы Ж. Шалабаева пікір бөлісті. «Бір ой, бір толғаныс» рефлексиясын № 6 орта мектеп директорының бастауыш кластар ісі жөніндегі орынбасары, мектеп үйлестірушісі курсының тыңдаушысы Г. Алдиярованың «Интернет желісі» тренингімен аяқталды.

Дөңгелек үстел барысындағы пікірталас жұмысы қатысушылар қажеттіліктеріне сай өткізіліп, өз мақсатына жетті.

Педагогикалық шеберлік орталығы Педагогикалық шеберлік орталығы Педагогикалық шеберлік орталығы

Tags: Шалабаева Ж.Б. бастауыш класс Мектептер № 6 орта мектеп № 42 орта мектеп № 12 орта мектеп Благодар орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда