Дидарлы дөңгелек үстел

Автор: Садықова А.С., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Дидарлы дөңгелек үстел2016 жылдың 03 қарашасында Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен № 28 орта мектебінде «Оқушылардың рефлексивті қабілеттерін бағалау нысаны ретінде дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Шараға қала мектептерінің химия, биология, география пәндері мұғалімдері қатынасты. Мұғалімдер өздерін өрмек әдісі арқылы таныстырып, әрі қарай жыл мезгілдеріне байланысты төрт топқа бөлініп «Бағалау» тақырыбында коучингпен жалғасты.

Презентация досыма хат бейне-ролик, 20 секунт стратегияларын пайдаланып берілген тапсырмалар топтық жұмыста талқыланды.

Химия биология география пән мұғалімдері Р. Е. Алиева, Д. А. Гилев, З. И. Михайловская жаратылыстану пәні сабақтарында оқу үшін бағалаудың түрлерін,өзін-өзі бағалауы , өзара бағалауды критерий арқылы қолданудың тиімді жақтарын көрсетті. Келесі пікірталас бөлімі өте әсерлі де, тартысты болды. Себебі мұғалімдер үшін дайындалған бірнеше ситуациялық сұрақтарға ортақ жауап ізделді. Әр педагог өз ойын іс- тәжірибесінен мысалдар келтіру арқылы жеткізе білді. Осындай тартысты пікірталас нәтижесінде зерттеушілік жұмысты жеке дара, топ, жұп болып орындаудың ерекшеліктері, шығармашыл оқушының ерекше қасиеттері, оған мұғалім тарапынан көрсетілетін психологиялық көмектер т.б көптеген өзекті мәселелер қамтылды. Бір сәт мұғалімдер өздерін оқушы орнына қойып, топқа бөлініп, шығармашылық жобалар дайындап, қорғады.

images images images

Семинардың соңғы бөлімі қызықты психологиялық тренингпен аяқталды. Қала деңгейінде өткен бұл дөңгелек үстел өзара іс-тәжірибе алмасуда, жас мамандарға әдістемелік көмек беруде үлкен маңызы болды. Барлық қатынасушылар үлкен ризашылықпен тарасты.

images images

Tags: Мектептер № 28 орта мектеп Садықова А.С.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда