«Үздік бастауыш класс мұғалімі» PR-акциясы

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Үздік бастауыш класс мұғаліміОқу жылы басталуымен бірге ұстаздар мерекесі қатар келетіні анық. Осы орайда, ҚҒӘО жылдық жұмыс жоспарына сәйкес бастауыш класс мұғалімдеріне арналған қалалық «Үздік бастауыш класс мұғалімі» PR–акциясы 2016 жылдың 5-10 қазаны аралығында сырттай өткізілді.

Акцияның мақсаты: шығармашылықпен жұмыс жасайтын бастауыш класс мұғалімдерін анықтау және оларға қолдау көрсету, іс-тәжірибесін тарату.

PR–акция төмендегідей кезеңдер бойынша өтті:

  1. «Білім берудің жаңаша мазмұны: ұстаздар көзқарасы...» мұғалімнің эссесі;
  2. «Шығармашылық қобдишам» мұғалім портфолиосы;
  3. «Шеберлік шеберханасы» көркем еңбек пәні бойынша қолданылған ең үздік бұйым көрмесі (дайындалған мұғалім ресурсы).

Акция 11-қазан күні қорытындыланды. Байқауға қала мектептерінен 60-тан аса бастауыш класс мұғалімдері қатысым жасады. Түрлі үлгідегі портфолио жиынтықтары мен шеберлік шеберхана жұмыстары ұсынылды.

Нәтижесінде:

  • Бас жүлде: № 32 ОМГ (Елшибекова С.);
  • І орын: № 10 ОМ (Талапбаева С.), № 3 ОМ (Жаронкина И.), № 47 ОМ (Буркиталина А.);
  • ІІ орын: № 41 ОМ (Әбиева Б.), № 16 ОМ (Успанова Д.), Ақтөбе ОМ (Таженова Г.), № 14 ОМ (Алмагамбетова С.);
  • ІІІ орын: № 8 ОМ (Қабдеш Г.), № 34 ОМ (Смайлова А.), № 50 ОМ (Қосжанова Ж.), Сазды ОМ (Молдабекова Г.), Сазды ОМ (Мусагалиева Б.), № 41 ОМ (Байгазиева Ф.);
  • «Креативті ұстаз» номинациясы: № 48 ОМ (Иманиязова С.), № 15 ОМ (Ахметова А.);
  • «Жаңашыл ұстаз» номинациясы: № 33 ОМ (Мухамеджанова А.), № 39 ОМ (Калмурзаева Н.);
  • «Шығармашыл ұстаз» номинациясы: № 6 ОМ (Жантурина Г.), № 4 ОМ (Алитурлиева К.);
  • «Ізденімпаз ұстаз» номинациясы: № 8 ОМ (Саймагамбетова К.), № 42 ОМ (Смағұлова К., Жұмағалиева С.).

Марапаттауларыңызды 2016 жылдың 21-қазанында № 44 кабинеттен алып кетулеріңізге болады. Сонымен қоса, «Шеберлік шеберханасы» мен эссе жұмыстары байқау материалдарының қорына қалдырылады. Ал, мұғалім портфолиоларын № 8 ОМ ұйымдастырушы комитетінен алып кетуге рұқсат етіледі.

«Үздік бастауыш класс мұғалімі» PR–акциясы «Үздік бастауыш класс мұғалімі» PR–акциясы «Үздік бастауыш класс мұғалімі» PR–акциясы

Tags: Шалабаева Ж.Б. бастауыш класс Мектептер

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда