«Кішкентай білгірлер» интеллектуалдық олимпиада

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

2016 жылдың 7 қазаны күні Ақтөбе қаласы мектептерінің 4-класс оқушылары арасында «Кішкентай білгірлер» атты қалалық құрама топтық интеллектуалдық олимпиада өткізілді. Мақсат: 4-класс оқушыларының ішіндегі дарынды оқушыларды анықтау. Құрама топқа әр мектептен оқыту тіліне қарай оқу үлгерімі озат төрт оқушы алынды. Қаладағы 71 мектептен 54 қазақ тілінде, 24 орыс тілінде білім алатын, барлығы 78 топ қатысты.

Олимпиада Ережесі бойынша байқаудың бірінші кезеңінде құрама топтың әрбір мүшесі қазақ немесе орыс тілдерінен, математика, дүниетану пәндерінен тест тапсырмаларын орындады. Тест жауабының жалпы қорытындысы топ мүшелерінің жинаған ұпайларының қосындысымен есептелінді. Бірінші кезеңнен өткен топтар екінші кезеңде логикалық тапсырмаларды орындады. Үшінші кезеңде үй жұмысына орындап келген альбомдары есепке алынды.

Нәтижесі төмендегідей: Бас жүлдені: қазақ тілінде білім беретін № 32 ОМГ; орыс тілінде білім беретін № 23 ОМЛ І орынды: № 14 ОМ ,№ 10 ОМ, № 6 ОМ пен № 17 ОМГ ІІ орынды: № 30 ОМ, № 52 НМ, № 57 ОМ, № 29 ОМ пен № 9 ОМГ ІІІ орынды: № 21 ОМГ, № 51 Г, № 13 ОМ, № 47 ОМ, № 28 ОМ, Заречный МБ және № 20 ОМЛ, № 25 ОМ иеленді.

Қалалық ғылыми–әдістемелік орталықтың «Алғыс хаты»: № 45 ОМ, № 2 ОМГ, № 22 ОМ, № 42 ОМ, № 33 ОМ, № 18 ОМ, № 49 ОМ, Ақтөбе ОМ, ҚҚОМ, Благодар ОМ, Қызылжар ОМ және № 27 ОМЛ, № 16 ОМ, № 19 ОМ марапатталады.

Бас жүлдені қанжығалаған № 32 ОМГ пен № 23 ОМЛ–лердің құрама топтары облыстық кезеңге жолдама алды.

Марапаттауларыңызды 2016 жылдың 13 қазаны күні № 44 кабинеттен ала аласыздар.

Жеңістеріңіз құтты болсын!

Tags: Шалабаева Ж.Б. бастауыш класс Мектептер

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда