Жаратылыстану пәндері бойынша секция отырысы

Автор: Садықова А.С., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Білімді ел – мәңгі ел2016 жылдың 25 тамызында № 26 орта мектеп базасында жаратылыстану бірлестігі бойынша (химия, биология, география) пәндерінен «Білімді ел – мәңгі ел» тақырыбымен қалалық жаратылыстану пәні мұғалімдерінің секция отырыстары болып өтті. Секция отырысына қала мектептерінен барлығы 193 адам қатысып, 18 баяндама тыңдалды.

«Мұғалімнің кәсіби өсу жолдарының презентациясы», «Шығармашылық жобаны қорғау», «Коучинг-сессия» «Семинар-практикум» түрінде өткен отырыс екі тілде өтті. Отырыста қала мектептерінің алдыңғы қатарлы озық тәжірибелі мұғалімдердің баяндамалары ортаға салынып, талқыланды. Сонымен қатар биылғы 2016-2017 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хаттағы пәндердің мазмұны жетік талқыланып, рұқсат етілген кітаптар тізімі (оның ішінде 8 кластың жаңа оқулығы) айтылды.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс–қимыл жоспарында қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің PISA, TIMSS және PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижесін жақсарту қажеттілігі туралы мұғалімдерге толық жеткізілді.

images images images

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған айтылды.

Жаратылыстану пәнінің секция отырысы өз деңгейінде өтіп, қатысқан мұғалімдер жақсы әсермен тарасты.

images images images

Tags: средняя школа № 26 Мектептер химия биология география Садықова А.С.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда