Oқытудың жаңа стратегиялары, бағалаудың жаңа жүйесі

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

imagesЖаңашылдыққа толы жылға бастама берер «Білімді ел – мәңгілік ел» тақырыбындағы тамыз маслихаты аясында 2016 жылдың 25-тамызы күні Новый орта мектебінде Қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту: оқытудың жаңа стратегиялары, бағалаудың жаңа жүйесі» тақырыбындағы директордың бастауыш кластар ісі жөніндегі орынбасарларына арналған педагогикалық керуен және 1-класс мұғалімдеріне арналған әдістемелік эстафета өтті.

Педагогикалық жұмыстар мақсаты: жаңартылған мазмұндағы бастауыш білім беру бағдарламасын енгізу бойынша апробация жүргізілген мектептердің іс–тәжірибесімен бөлісу, жүзеге асыру жолдарын көрсету, бағалаудың жаңа жүйесін талдау.

Керуен жұмысын Ақтөбе қалалық ғылыми–әдістемелік орталығы директоры Ж.Ж. Мухамбетова ашып, білім беру саласындағы жаңа реформалармен таныстырып, Новый орта мектеп директоры А.М. Кисикова пилоттық жұмыстың ерекшеліктеріне тоқталды.

Орталықтың мектепке дейінгі және бастауышта білім беру бөлімінің басшысы Ж.Б.Шалабаева өткен оқу жылына шолу жасап, мониторинг талқыланып, бастауыш сатының жаңа бағдарлама аясындағы жаңашылдығы және «2016–2017 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» әдістемелік нұсқаухатты талдау мен қала бойынша 1–сынып алатын педагогтар туралы мәліметтерді айта келе, эксперимент алауын бастауыш класс мұғалімдеріне табыстап, қала мектептерінде жұмыс жасайтын ПШО тринерлері М.Жантурина, А.Кошкинбаева, К.Қырықмылтықова, А. мен экспериментатор мұғалімдер (Г.Х.Дощанова, Ж.Б.Хабибуллина, Г.Н.Бисенова, А.Б.Сармантаева, Д.М.Қыстаубаева, М.Ш.Қожабек, А.М.Калыкова, Г.Б.Урынбасарова, А.Т.Байменова, В.П.Романова. М.В.Хайченко) кезек берді.

Педагогикалық керуен соңында Новый орта мектептің экспериментке қатысқан оқушылардың өнерінен туындаған базарлықтары көрсетілді. Қатысушылармен кері байланыс туындайтын тренингтермен аяқталды.

Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту

Tags: Мухамбетова Ж.Ж. Шалабаева Ж.Б. бастауыш класс Мектептер

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда