«Бастау» республикалық математикалық турнирі

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Оқушының табиғи қасиеттерін, математикалық білімін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына ықпал ету – мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Математиканы оқыту арқылы мұғалімдер оқушыларды мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой қорытулар жасауға, дәлелдеуге, танымын жан – жақты етуге жол ашады. Математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш класс оқушыларын табу, дамыту және қолдау көрсету мақсатында өткізілген «Бастау» республикалық математикалық турнирінің қалалық кезеңі № 56 орта мектеп базасында өткізілді. Турнирге барлығы 79 құрама команда қатысты. Турнирдің мақсаты қала мектептерінің 2-4 класс оқушылары арасынан логикалық ойлау қабілеті жоғары құрама командаларды іріктеу болды. Құрама командалардың мүшелері «Логика», «Ребус», «Есеп түрлері» блоктарының әрқайсысынан 6 тапсырма және қосымша класына қарай 7 тапсырма, барлығы 25 тапсырма орындады.

Нәтижесінде, Бас жүлдені – № 46 ОМ (қазақ тобы), № Пригород ОМ (орыс тобы); І орынды – № 17 ОМГ, № 32 ОМГ, № 57 (Россовхоз) ОМ, Ақшат БМ; ІІ орынды – № 56 ОМ, № 23 ОМЛ, № 33 ОМ, № 42 ОМ, № 39 ОМ; ІІІ орынды – № 11 ОМГ, № 10 ОМ, № 40 ОМ, Сазды ОМ жеңіп алды.

Мектептердің арасында математика пәнінен берілген логикалық тапсырмаларды орындау барысында белсенділігімен танылғаны үшін ҚҒӘО-тың «Алғыс хатымен» Сымбат ЖМ, № 55 ОМ, № 50 ОМ, № 29 ОМ, № 4 ОМ, № 5 ОМ, № 54 ОМ, № 31 ОМ, № 51ОМ марапатталды.

Сонымен қоса, жеке оқушылардың жұмыстары да ескеріліп, ҚҒӘО–тың «Грамотасымен» 2 класс – № 2 ОМГ (Падалко Маргарита), № 36 ОМ (Сағиткерей Мұстафа), ҚҚОМ (Манас Нұрым); 3 класс – № 30 ОМ (Шайқақов Әлқадір), Ақтөбе ОМ (Төлепова Асель), № 3 ОМ (Прокудина Арина); 4 класс – № 38 ОМ (Мурзакаев Нурсат), № 29 ОМ (Нұрқасымов Бекболат), № 19 ОМ Сержанқызы Аяулым, № 9 ОМГ (Абенов Тамирлан) марапатталды.

Жеңістеріңіз құтты болсын! Осы мектеп мұғалімдері марапаттарыңыз, грамоталарыңызды 2016 жылдың 12–мамыр сағат 15.00–ге дейін № 44 кабинеттен алып кетулеріңіз сұралады.

Tags: Шалабаева Ж.Б. бастауыш класс Мектептер

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда