Дарынды балаларға – талантты ұстаз

Автор: Кабиева А.К., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Дарынды балаларға – талантты ұстаз 2016 жылдың 28-29 наурызында Ақтөбе қаласында № 10 орта мектебінің базасында ХІ республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» байқауының қалалық кезеңі өтті. Ақтөбе қаласының білім бөліміне қарасты мектептерден барлығы 56 жас мұғалім өтініш білідіріп, байқауда өз білімдерін сынады. Олимпиаданың мақсаты – жас мамандардың педагогикалық идеяларын айқындау, өз бетімен іздену арқылы біліктілігін, әдістемелік шеберлігін жетілдіру, қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту.

Олимпиада жас мамандар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік – Мәңгілік Ел мұраты» тақырыбына алдын ала эссе жазып тапсырса, келесі кезеңде «Мен – Көшбасшымын!», «Менің кәсіби шеберлігім», «Тағылымы мол тәлімгер мамандығы!» тақырыптарында өз презентацияларын ұсынды. «Менің педагогикалық ұстанымым», Психологиядан элективті курс бағдарламасын немесе авторлық коррекциялық – дамыту бағдарламасын қорғау, «Менің отбасымның тағдыры – елімнің тағдыры» Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған авторлық идеяларын, жобаларын ұсынды.

Мектеп тәлімгерлері мектептегі балалар ұйымының атрибуткасы туралы өз білімдерінен бақ сынады. Мектеп психологтары болса «Ата-аналарға арналған психологиялық практикум» тақырыбына психологиялық іс–шараның авторлық әзірлемесін ұсынды.

Байқау соңында жас мамандар жинаған ұпай сандарына байланысты жүлделі орындарды иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды.

Дарынды балаларға – талантты ұстаз Дарынды балаларға – талантты ұстаз Дарынды балаларға – талантты ұстаз

Tags: конкурс № 10 орта мектеп Мектептер Кабиева А.К.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда