Жаңа форматты оқу үрдісі-білім беруді

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Жаңа форматты оқу үрдісі-білім беруді Ақтөбе қалалық ғылыми әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2016 жылдың 26-ақпаны күні № 41 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш класс әдістемелік бірлестігінің жұмысын қала мектептеріне тарату мақсатында «Жаңа форматты оқу үрдісі–білім беруді жаңа сапаға көтерудің алғы шарты» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға ҚҒӘО өкілі ретінде № 39 орта мектебінің директордың бастауыш кластар жөніндегі орынбасары С.Есеналина және қала мектептерінен барлығы 31 жас мамандар қатысты. Семинардың бағдарламасына сәйкес мектептің тарихы және бастауыш кластар туралы бейнефильм көрсетіліп, мектеп әдіскері Л. Төреғұлова мектептің бастауыш класс мұғалімдерін таныстырды.

Дүниетану пәні бойынша 3«А» класс жетекшісі Байғазиева Ф «Пайдалы қазбалар» тақырыбында УӘЖ технологиясы бойынша панорамалық сабақ жүргізді. Әдебиеттік оқу пәнінен 2 «Ә»класс жетекшісі А.Смағұл «Сауысқан мен Көкек» мәтіні бойынша оқу сауаттылығын тексеру мақсатында тапсырмалармен жұмыс жүргізілді. Математика пәнінен 4 «А»класс жетекшісі Қ.Ниетбаева «Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау»тақырыбына сәйкес өткізілген панорамалық сабағында деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы бағалау тәсілдерін көрсетті.

Бастауыш класс мұғалімдері З.Отешова, Г. Утепбергенованың жүргізген «Заман талабына сай білім беру бағыттарының тиімділігі» тақырыбындағы коучингте сабақта қолдануға болатын жаңа әдіс–тәсілдерді пайдалана отырып,шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы оқушыларды бағалау тәсілдерін жас мамандарға үйретті. Сонымен бірге семинарға қатысушылардың арасынан бастауыш класс мұғалімдерінің көшбасшылық қабілеттерін көрсете білген № 8 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Абибуллаева Айдана, № 39 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі ЕсеналинаСәуле, № 58 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Нұртаза Дархан, М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Қоздай Мөлдір, Благодар орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Баймаханова Амангүлге № 41 орта мектеп әкімшілігі атынан «Алғыс хаттармен » марапатталды.

№ 41 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімдері К.Добрашева, Мурзалинаның ұйымдастыруымен «Сабақтастық – басты бағыттың бірі» тақырыбындағы дөңгелек үстелде жас мамандарға өздерінің іс–тәжірибелерімен бөлісіп, келген қала мектептерінің бастауыш класс мұғалімдерімен сабақтастық кезінде туындайтын қиындықтар мен мәселелерді ортаға салып, шешу жолдарын талқыланды.

Мектеп психологі Г.Сарсенова ұйымдастыруымен «Адамның асыл ойлары»атты психологиялық тренинг жүргізіп, семинардың өтілу барысы туралы әріптестермен қорытынды ой түйінделді.

images images images

Tags: Шалабаева Ж.Б. № 41 орта мектеп семинар бастауыш класс Мектептер

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда