«Шұғыла» хор ұжымы

Автор: Нургалиева Ж.Д., ҚҒӘО ӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

«Шұғыла» хор ұжымы Мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Досмағамбетова Алима жетекшілік ететін «Шұғыла» хор ұжымы Алматы қаласының сахна төрінде әсем де көрікті қаламызға арналып жазылған «Ақтөбем» әнін шарықтата шырқап, І дәрежелі лауреат атағын иеленіп, дипломмен және кубокпен марапатталды.

Ал мектебіміздің хореографы Баймурзина Бибігүл жетекшілік ететін «Шаттық» би ансамблі «Хореография» номинациясы бойынша мың бұрала өнер көрсетіп, нәтижесінде орта топтан 14 оқушыдан құралған «Бәйтерек» тобы ІІІ дәрежелі лауреат атағын иеленіп, дипломмен және кубокпен марапатталды. Кіші топтан құралған «Шаттық» би ансамблінің 8 оқушысы «Домбыра» биі бойынша өнер көрсетуде І дәрежелі лауреат атағына ие болып, дипломмен және кубокпен марапатталды.

Оқушылардың осындай дәрежеге жетуіне мектеп басшысы Касымова Алия Таңатарқызының қолдауымен топ жетекшілерінің еңбегін ерекше атап өтуге болады. Осындай өнерлі өрендеріміздің болашағы жарқын, келешегі кемелді болып, өнер әлемінде жұлдыздары жарқырай беретініне сенімдіміз.

Tags: Нургалиева Ж.Д. № 8 орта мектеп Касымова А.Т.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда