Біздің қолымыздан бәрі де келеді

Автор: Дүйсенбаева А.А., МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының». Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Біздің қолымыздан бәрі де келеді 2016 жылдың 12 ақпан күні Ақтөбе қаласы білім бөлімі мен МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» жоспары негізінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына мүмкіндігі шектеулі балалардың І қалалық «Біздің қолымыздан бәрі де келеді» балалар шығармашылық фестиваль-конкурсы өткізілді.

Фестиваль-конкурстың мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалардың ішінен дарынды балаларды анықтау; балалардың әр түрлі жанрда шығармашылық потенциялын ашу.

Бұл конкурсқа фестиваль-конкурсқа: № 1, 6, 7, 16, 22, 27, 28, 31, 36, 53, Қызылжар ОМ, М.Арын атындағы Қарғалы орта мектептерінен мүмкіндігі шектеулі 37 оқушы қатысады.

Қазылар алқасының қызметін атқаруға Уракова Нұрлан Иганбергенқызы – қалалық оқушылар сарайының ұйымдастырушы педагогы, Сажнова Наталья Николаевна – БЖШО-ның бейнелеу өнері бөлімінің қосымша білім беру педагогы,Меңдібаева Рима Убайдуллақызы – Н. Байғанин атындағы Облыстық балалар кітапханасының «Мейірімділік пен қамқорлық» жобасының жетекшісі, Файзрахманова Альфия Кемаловна- хореография студиясының жетекшісі, Дуйсембаев Нұрлан Қазмұқанұлы – Республикалық, Халықаралық конкурстардың жеңімпазы, вокал үйірмесінің қосымша білім беру педагогы

Фестиваль-конкурс төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі: «Вокал», «Хореография», «Сән театры», «Бейнелеу және сәндік –қолданбалы өнері», «Көркем сөз»

Марапаттау: Фестиваль-конкурстың жеңімпаздары МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» 1,2,3 орын дипломдарымен, алғыс хаттармен марапатталады.

Фестиваль-конкурсқа қытысушылар өздерін жан-жақты қырларынан ән айтып, би билеп, көркем сөз оқып, сән үлгісін көрсеттіп, «Бейнелеу және сәндік – қолданбалы өнері» бойынша суреттер салып шеберліктерін жан-жақты көрсетті.

images images images

Номинацияларға иеленген оқушылардың мұғалімдері МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» алғыс хаттарына ие болды.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған І қалалық «Біздің қолымыздан бәрі де келеді» балалар шығармашылық фестиваль-конкурсының өткізілуі туралы РИКА-ТВ бұқаралық ақпарат құралы қатысып, орыс тілінде әдістемелік бөлім меңгерушісі Кобыльникова Надежда Даниловна, қазақ тілінде әдіскер Куптлеуова Гүлжайнар Даулетқызы сұхбат берді.

Tags: конкурс Қосымша білім Тәуелсіздік күні Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда