Біз жастар қаншалықты патриотпыз

Автор: Махатова З., Ақтөбе орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Біз жастар қаншалықты патриотпыз Ақтөбе орта мектебінде 2016 жылдың 4 ақпанында «Біз жастар қаншалықты патриотпыз?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге жасұландықтар, қонақтар, аға тәлімгерлер және ұйымдастырушы – ұстаздар тартылып, қатысушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіріп, пікір алмасты. Сонымен бірге арнайы шақырылған қонағы, мектеп түлегі, ҚСРО-ның екі мәрте батыры Т.Бигельдинов атындағы әскери-авияциялық институтының аға оқытушысы, подполковник Гониченко Алексей мектепте оқыған кездерін еске алып, балаларға өзінің жеткен дәрежесі мектептен көрген тәлім тәрбиесінің арқасында екендігін айтты. Мектеп мұғалімдеріне алғысын айтып, оқушыларға тілек білдірді.

А. Жұбанов атындағы музыка колледжінің студенті, Алматы қаласында өткен республикалық «Нұрлы жастар» дәстүрлі ән байқауында жүлделі бірінші орын иегері - Мизамов Кенесары, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің филология факултетінің 3–курс студенті. Өскемен қаласында өткен республикалық «Оралхан Бөкей оқулары» байқауының жеңімпазы - Айсин Наурызгелді қатысты.

«Туған жер – алтын бесігім» акциясының аясында өткізілген дөңгелек үстелге қатысқан қонақтар түйін сөзінде осы күнге дейін жеткен жетістіктерін білім алған ордасымен, елбасымыз бен туған өлкелерімен байланыстырды. Аталған дөңгелек үстел тыңдарман оқушыларға үлгі бола білді.

Tags: Ақтөбе орта мектеп «Туған жер - алтын бесігім»

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда