Күйші Жайлау Асылхановпен кездесу

Автор: № 40 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Күйші Жайлау Асылхановпен кездесу «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында № 40 орта мектебінде жерлесіміз, мәдениет саласының танымал қайраткері, Қазанғап күйлерін танытушы, күйші Жайлау Асылхановтың қатысуымен шығармашылық кеш өткізілді. «Өнердің қайнар бұлағы» тақырыбында өткізілген шығармашылық кешке мектебіміздің өнерлі оқушылары мен мұғалімдері және педагогикалық тәжірибеден өтіп жүрген Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің музыка факультетінде оқитын студенттер қатысты.

Кеш барысында күйші шығармашылығы туралы арнайы жасақталған бұрыш таныстырылды, слайд көрсетілді. Оқушылар мен студенттер өз сұрақтарына жауап алды. Күйші Жайлау Асылханов оқушыларға Қазанғап күйлерінің шығу тарихы және күй өнерінің құдіреті туралы айтып берді, домбыра аспабында бірнеше күйлер орындады. Мектеп оқушылары да өз өнерлерін көрсетті және күйшіге арнап өлең шумақтарын арнады. Кеш соңында оқушылар күйші Жайлау Асылхановпен естелік суретке түсті.

Tags: № 40 орта мектеп «Туған жер - алтын бесігім»

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда