Жыр жазамын жүрегіммен

Автор: Ауесханова Г.А., МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының». Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Жыр жазамын жүрегіммен 2016 жылдың 12 ақпан күні МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығында» облысымызға белгілі жас ақын Гүлжайнар Қалдинаның шығармашылығымен танысуға арналған «Жыр жазамын жүрегіммен...» атты әдеби кеш өтті.

Кешке Ұлттық тілдің үлкен жанашыры, облысымызға белгілі жас ақын облыстық, республикалық ақындар мүшәйраларының жеңімпазы, Қазақстан жазушылар одағы тағайындаған Т. Молдағалиев атындағы арнайы сыйлықтың және М.Жұмабаев атындағы жүлденің иегері, жас қаламгер фестивалінің лауреаты, Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Қалдина Гүлжайнар Нәренқызы шақырылып, Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының «Арайлы мекен» үйірмесі, «Бейнелеу өнері» студиясының білім алушылары қатысты.

Кеш барысында әдіскер Куптлеуова Гүлжайнар Даулетқызы ақынның өмірі мен шығармашылық жолдары туралы айтып өтті. Қаламын басты қару етіп ұстаған жас ақын Г. Қалдина сөз сөйлеп, шығармашылық жолдары туралы әңгімеледі. Өз туындыларынан жыр – шашу орындады.

Сонымен қатар, Орталығымыздағы «Арайлы мекен» үйірмесінің білім алушылары Орынбаева Гаухар, Берегенов Аңсат, Жолдығали Ақкүміс, Жанділдә Данагүл, Жайлыбаева Нұршат ақынның жауһар жырларын мәнерлеп оқып, ақын жайлы өз ойларын білдірді. Қатысушылар ақынға сұрақтар қойып, сұхбаттасты. Кездесу кешінен естелік ретінде балалар дайындаған ақынның өлеңдерінен құралған шағын кітапшаға Г.Н. Қалдина қол таңбасын қалдырды. МҚКК «Балалар және жасөсірімдер шығармашылығы Орталығы» директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жеткергенова Шынар Нахиевна қонаққа алғысын білдіріп, шығармашылық шабыт тіледі. Кеш соңында Г. Қалдина авторлық «Әке әлдиі» атты кітабын ақынның жауһар жырын әдемі оқыған білім алушы Орынова Гаухарға табыс етті.

images images images

Tags: Ауесханова Г.А. Қосымша білім Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда