Туған жер – алтын бесігім акциясы аясында өткізілген іс-шара

Автор: МҚКК «№ 1 Балалар музыка мектебі». Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

images «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында № 1 Балалар музыка мектебінде Қазақ ССР мәдениет қайраткері, ҚР композиторлар одағының мүшесі, профессор Қайырғали Үсенғалиұлы Қожанбаевпен «Өмірім-өнерім» атты оқытушылар, оқушылар және ата-аналармен кездесу өткізілді.

Еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хатына, облыс әкімінің сыйлығына ие болған кездесу қонағы Қ.Ү. Қожанбаев, Ақтөбе облыстық Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияның А. Жұбанов атындағы халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, ҚР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, Ақтөбе «Дүние» университетінің, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры.

Кәсіби музыкант, дирижер болғандықтан әннің, күйдің болмысын түсінгендіктен, оның туындылары тыңдарман талабын қанағаттандырып, жүрегіне жол тауып отырды. Біртоп әндері ҚР халық әншісі Н. Нүсіпжановтың орындауында Қазақ Радиосының алтын қорында сақталған, эфирге беріліп тұрады. Оркестрге арнап жазылған «Наурыз-думан» атты шығармасы Мемлекеттік грантқа ие болды.

Кездесу барысында Қ.Қожанбаев өзінің өміріндегі өнер жолын мағыналы да қызықты етіп тыңдарман қауымға баяндап берді. Оқушылармен сұбхаттаса отырып, оқытушылардың орындауындағы «Ризамын тағдырға», «Жәннатым жан Астанам» әндері мен «Арнау» күйі тамашаланды. Ақтөбелік музыканттардың барлығы ұстаз санайтын профессор Қайырғали Үсенғалиұлы Қожанбаевпен «Өмірім өнерім» атты кездесуден мектеп ұжымы, оқушылары мен ата-аналары керемет әсер алды. Әрбір күйдің туу тарихын тарқата отырып, өз шығармашылығы туралы толық мағлұмат берген сазгер Қ.Қожанбаев тірліктің сындарына мойымай, қолынан домбырасын тастамаған күйшінің бүгінде халқының және шәкіртерінің құрметіне бөленіп отырғаны қуантады.

images images images

Tags: Қосымша білім № 1 балалар музыка мектебі «Туған жер - алтын бесігім»

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда