Шығармашылық кеш өткізілді

Автор: МҚКК «№ 3 Балалар музыка мектебі». Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Шығармашылық кеш өткізілді № 3 Балалар музыка мектебінде Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының А. Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестірінің бас дирижері, А.Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің үш ішекті аспаптар оқытушысы Кабижанова Мадина Маратқызының шығармашылық кеші өткізілді.

Қабижанова – Бисенгалиева Мадина Маратқызының жетістіктері: 1998 жылы I-ші республикалық «Шабыт» Фестивалінің және IV-ші «Құрманғазы» атындағы халықаралық орындаушылар конкурсының лауреаты. 2000 жылы Орынборда өткен «На Николаевской» атты фестивалінің жеңімпазы.

2007 жылы «Европа-Азия» халықаралық оркестр және ансамбльдер арасындағы конкурс-фестивалінде «Үздік орындаушылық шеберлігі үшін» дипломымен марапатталған. 2008 жылы «Жұбанов көктемі – 2007» халықаралық оркестірлер арасындағы «Үздік дирижер» дипломымен марапатталған. 2011 жылы Ресейдің М.И. Глинка атындағы Магнитогорск консерваториясының аспирантурасын бітірген. 2012 жылы II-ші Республикалық Ш. Қажығалиев атындағы дирижерлар конкурсының дипломанты.

Кешке мектебіміздің оқытушылары, оқушылары, ата-аналары қатысты. Шығармашылық кеште Мадина Маратқызының А.Жұбанов атындағы музыка колледжінде дәріс беріп жүрген оқушылары катысып, концерттік бағдарламасын ұсынды.

Tags: Қосымша білім № 3 балалар музыка мектебі

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда