Мақсатым-өзіңді көркейту, сүйікті ел

Автор: Бакешова А.Н., ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

images 2016 жылдың 16-ақпан күні Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінде қала көлемінде ұйымдастырылып отырған «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында «Мақсатым-өзіңді көркейту, сүйікті ел!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты киелі қара шаңырағымыздан түлеп ұшқан, бүгінде өз қызметінің жемісі мен жеңісін қатар алып жүрген құрметті қонақтарымызмен жүздесе отырып, бүгінгі мектеп бітіргелі отырған жас түлектерге мамандық таңдауда кеңес беру, олардың қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын ояту, еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Аталған іс-шараға Қаламыздың көркеюі мен экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып, ерен еңбегімен еліне елеулі, халқына қалаулы болып жүрген абзал азаматтарымыздың бірі, бірегейі, мектебіміздің мақтанышы және түлектері А.Қ. Тәңірбергенов және А.У. Рсымбетова қатысты.

Тәңірбергенов Амангелді Қазыбайұлы – Техника ғылымының кандидаты, Қазақстан қатынас жолдары университетінің профессоры, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, халықаралық ақпарат академиясының академигі, білім беру ісінің құрметті қызметкері, 1957 жылғы мектеп түлегі.

Рсымбетова Айман Умирзаковна – Химия ғылымдарының кандидаты, доцент, Назарбаев Зияткерлік Мектебінің модератор ұстазы, мектебіміздің 1974 жылғы түлегі.

Дөңгелек үстелде оқушылардың қойған сұрақтары бойынша қонақтардың пікірлері тыңдалады. Сонымен қатар, ҚҒӘО-ның әдіскері А.Бакешова «Еңбек нарығындағы бәсеке, жұмыссыздық, кәсіби маманға деген сұраныс пен ұсыныс» мәселелеріне тоқталып өтті. Мектеп директоры Ш.С.Жанғалиева «Мамандықтың терең ғылыми негізін, әдіс-тәсілін меңгеру ғана емес, осы істі атқару өмірлік басты қажеттілігіне айналып, оны адами, табиғи парызым деп ұққан адам ғана қоғамға, өзіне пайдалы маман болып шығады, еңбегінен ләззат алады. Осымен қатар, адамдармен қарым – қатынас жасай білу талабын жақсы меңгерген адам болса, нұр үстіне нұр болады деп айта келіп, келген қонақтарға ризашылығын білдірді. Дөңгелек үстел соңы әсем ән шашумен аяқталды.

Tags: № 6 орта мектеп Бакешова А.Н. «Туған жер - алтын бесігім»

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда