Туған жер – алтын бесігім

Автор: № 29 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Туған жер - алтын бесігім 12 ақпанында № 29 орта мектебінде «Туған жер – Алтын бесігім» атты қоғам қайраткерімен кездесу өтті. Кештің мақсаты – осы ауданда,қалада туып өскен мәдениет саласының танымал қайраткерлерімен кездесіп, туған жер тақырыбында сұхбаттаса отырып,оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.

Кеш қонағы ардагар-ұстаз – Батима Құрмантайқызы. Өмір жолын ұстаздық жолмен бастап, мектеп басшысы қызметіне дейін көтеріліп, бүкілодақтық мұғалімдер съезіне делегат болып қатысқан, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің оқу қызметкері» белгісімен «Соғыс ардагері» медалімен марапатталған.

Кештің алғашқы сөз кезегін мектеп директоры С.С. Салиш ашып берді. Кездесу кешіне 4-6 класс оқушылары қатыстырылды. Кездесу оқушылардың музыкалық ән-шашуларымен жалғасын тапты. Кеш қонағына оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті. Оқушылардың қойған сұрақтарының ішіндегі ең әсерлісі 6 «Ә» класс оқушысы Сатаева Ақнұрдың сұрағы болды. Ақнұр: Өзіңіздің туып-өскен жеріңіз қай жер? Туған жеріңізбен байланыстырып бір қызықты балалық шақтан әңгіме айтып берсеңіз?

Кешке келген қонақ та оқушылардың қойған сауалдарына өте көтеріңкі көңіл күйде жауап беріп отырды. Оқушылардың бойындағы отансүйгіштік қасиеттері, туған жерге деген сүйіспеншіліктері кеш қонағына да әсер етіп, өз ризашылығын білдірді.

Tags: средняя школа № 29 «Туған жер - алтын бесігім»

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда