Кең өлкемді сүйемін жүрегіммен

Автор: № 18 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Кең өлкемді сүйемін жүрегіммен № 18 орта мектебінде «Кең өлкемді сүйемін жүрегіммен» тақырыбында 13-ақпан күні кездесу кеші өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға спорттық жетістіктері бар Ақтөбе облысының азаматтарымен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары ағалардың ерлігін үлгі ету, оқушыларға адамгершілік тәрбие беру.

Кездесу кешінің қонақтары: Мырзағалиев Ғалымжан Сарбаевич – кикбоксингтан аға бапкер, Нұржанұлы Серік – кикбоксингтан әлем чемпионы. Кездесу кешінде келген қонақтарға оқушылар өз сауалдарын қойып отырды. Спорттағы жетістіктері және осы жетістікке жету жолындағы еңбектері туралы әңгімелесті. Оқушылар тәрбиенің тоғыз бағыты бойынша ұрандарын айтып, теннис, таэквандо, футбол, баскетбол мен бокстан спорттық шеру көрсетті.

Tags: № 18 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда