Бақытты балалық шақ

Автор: Ауесханова Г.А., МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының». Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Бақытты балалық шақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланды. Осыған байланысты «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» балалар шығармашылық ұжымы № 7 (түзету) мектебінде «Бақытты балалық шақ» атты ойын-сауықтық бағдарламасын ұйымдастырды.

Бағдарлама барысында Смешариктер, Винкс, Шрек сынды мультфильм кейіпкерлері, «Жалын» үйірмесінің білім алушылары: Аққонысова Аңсаған, Жайсанова Дияна, Дүйсенов Ермек, Сәрсенов Адайбек, Төремұратова Гүлназ, «Актерлік шеберлік» үйірмесінің білім алушысы Лямцева Евгения, балалардың көңілдерін көтеріп, түрлі қимыл-қозғалысқа толы музыкалық ойындар ұйымдастырса, вокал үйірмесінің білім алушылары Базарбаев Жалғас, Тайман Дильназ, Әзімбек Жанерке, Хамина Анита, Қуанышбаева Даяна асқақтана ән салып, үлгілі «Айгөлек» хореографиялық ұжымының бишілері «Әсем қоңыр», «Қуанамын», «Розовая пантера» билерін мың бұрала билеп, көрермендерді бір қуантты.

Бағдарлама соңында қаңтар, ақпан айында туылған туған күн иелерін құттықтады, оларға Орталықтың «Бейнелеу» өнерінің білім алушылары өз қолдарымен әзірлеген түрлі: суреттер, жұмсақ ойыншықтар, тақтай бетінде, шыныға түрлі бояумен салынған әдемі кәдесыйлар тарту етті. Балалар шын көңілден риза болып, шексіз алғыстарын білдірді. № 7 (түзету) мектебінің директоры БЖШО ұжымына, балаларға алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Балалар шын көңілден қуанғандары көз жанарларынан байқалып тұрды. Мұндай шаралар алдағы уақытты әлі де жалғасын табары сөзсіз.

images images images

Tags: Ауесханова Г.А. Қосымша білім Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда