«Зеңбірек» белгісіне гүл шоғын қою салтанаты

Автор: Дүйсенбаева А.А., МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының». Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

«Зеңбірек» белгісіне гүл шоғын қою салтанаты «Зеңбірек» ескерткіші жанында 2016 жылдың 9 мамыры күні МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы» мен Қалалық білім бөлімі бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін және соғыста құрбан болған майдангерлерді еске алуға арналған «Зеңбірек» белгісіне гүл шоғын қою салтанаты өтті.

Жергілікті уақытпен 8.30-дан – 9.30-ға дейін соғыс кезіндегі әндер баяу қосылып тұрды. 9.30-да салтанатты жиын басталды. Салтанатты жиында жерлес батырлар туралы мағлұматтар айтылды,кішкентай бүлдіршіндер соғыс ардагерлеріне арнап тақпақтар оқып, осындай бейбіт күн сыйлаған ардагерлерге алғыстарын білдірді.

Ардагерлердің құрметіне «Бақытты май», «Темная ночь», «Боевые ордена» «Қазақстан», «Бейбіт күн тілегі», «Ветеран», «45 жылдың көктемі» атты әндері шырқалып, «Бақытты балалық шақ», «Сол жылдарға бас иеміз» атты билері биленді, «Фотография» атты сахналық қойылым қойылды.

Жиылған қауым Ұлы Отан соғысында құрбан болған майдангерлерді еске алып, 1 минут үнсіздік жарияланды.

Салтанатты жиында Ақтқбе көлік коммуникация және жаңа технологиялар, Ақтөбе құрылыс-монтаж, № 11, 2 мамандандырылған мектептер, № 42 мектеп оқушылары мен педагогтары қатысып, «Зеңбірек»белгісіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, соғыс ардагерлеріне де сөз беріліп, майданда болған жайттарды естеріне алып,болашақ ұрпақ сұм соғысты көрмей, аспандары ашық болып, бейбіт өмірде тыныштықта өмір сүрсін деген тілектерін білдірді. Салтанатты жиын соңында келген ардагерлердің бәріне де гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етілді.

images images images

Tags: Қосымша білім Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда