Сәт сапар саған жас түлек

Автор: № 10 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Сәт сапар саған жас түлек 25 мамыр күні мектеп алаңында «Сәт сапар саған жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Осы оқу жылында 34 түлек, оның ішінде 19 түлек жаратылыстану – математикалық бағыт және 15 түлек қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша бітірді. Соңғы қоңырау Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келгендігін атай отырып, мектептің Нұр би ансамблімен «Жас жауынгер» патриоттық клубы бірлескен шеру салтанатты жиынды бастады. Шеруге барлығы 1-6, 10 класс оқушыларынан құралған 75 адам қатысты.

2015- 2016 оқу жылын 198 оқушы үздік оқығаны үшін «Мақтау қағазымен» марапатталды. Оның ішінде биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын аттап, өз білімдерін дәлелдеп оқу озаттары атанған 1 кластың 63 оқушысы қалалық білім бөлімінің басшысы Л. А. Уразбаеваның қолынан мақтау қағазын алды. «Қош бол мектеп!» атты бағдарламасымен жас түлектер өз өнерін көрсетіп, мектепке деген ыстық ықыласын білдірді. Бағдарлама барысында «Мектеп белестері» атты көрінісі өте әсерлі , мағыналы болды. Оқушылар өздерінің мектепке алғаш қадам басқаннан бастап, мектептен алған тәлім- тәрбиелерін және ұстаздардың еңбегін көрсете білді. Қоштасу әндерін шырқай отырып, аспанға үлкен шарға жазылған арман тілектерін ұшырды.

Мектеп бітіруші жас түлектер, алтын белгіге үміткерлер Мұқышева дана мен Жәрдемғалиева Гүлбақыт білімнің алтын кілтін 10 кластың үздік оқушылары Аманқұлова Айдана, Жүсіпқалиева Фариза, Темірбаева Аяжанға табыстады. Барлық 34 түлек 17 жұп болып қоштасу вальсін билеп, соңында мектеп гимнін барлық № 10 мектеп оқушыларымен ұстаздары бірге шырқады. Осындай патриоттық тәрбие мен білімге деген құштарлық ұштасқан жиыннан түлектеріміз соңғы қоңырауды өз қолдарымен соға отырып, қимастықпен тарқасты.

Tags: № 10 орта мектеп Уразбаева Л.А.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда