Біз – бақытты баламыз

Автор: Улыкпанова Ж.А., № 32 мектеп-гимназия. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Біз – бақытты баламыз «Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз» – деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьлерге баруға асығады. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. № 32 мектеп-гимназия жанынан маусым айында ашылған «Балдәурен» жазғы демалыс лагері жұмыс жасайды.

Бүгінде жазғы демалыс лагерінде 35 балдырған уақыттарын көңілді өткізуде. Лагерімізде балалар ер балалардан құралған «Қыран» және қыз балалардан құралған «ДосStar» тобы болып бөлінген. Лагерьге келген балаларды мектеп медбикесі денсаулықтарын тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізеді. Жазғы лагерьде балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмаған. Арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша балаларға 4 мезгіл тамақ беріледі.

Лагерде балалар көңілді демалып, жанын әнге, сылдыр күлкіге тойдырып әртүрлі іс-шаралар мен спорттық ойындар өткізіп жүрген тәрбиешілер, жаттықтырушылар, музыка жетекшісі және хореограф бар. Лагерь демалушыларына әр түрлі ойындар ойнатылып, бассейн, тоғызқұмалақ, шахмат жарыстары, тақырып бойынша тапқырлық, сөз жұмбақ сайыстары ұйымдастырылып тұрады. Бір мезгіл балдырғандар сурет салып, тақпақ жаттап, ән салады. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар өтеді. Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсауда.

images images images

«Көңілді старт», «Кішкентай ханшайым», «Ұлтымның ұланымын» атты сайыстарына оқушылар қызығушылықпен қатысады. Әдеп туралы әңгіме, әсемдік жайлы мақал-мәтелдер жарыстары көңілді өтуде. Шара барысында оқушылар ән айтып, би билеп, мерекені қыздыра түсті. Балалардың көңілді демалып жатқандығы жүздерінен көрініп тұрды. Лагерьге келгендеріне аз болса да, әр отбасынан, әр сыныптан жиналған балалар бір үйдің баласындай болып кеткен. Лагерьде балалардың демалуына барлық жағдайлар жасалынған. Олардың емін-еркін ойнауына арналған арнайы алаңдар, бөлмелер жабдықталған, демалушылар ойын-сауық құралдарымен қамтамасыз етілген, музыкалық, спорттық, шығармашылық және интеллектуалдық сайыстарға да белсене қатысады. Сонымен қатар, информатика, ағылшын тілі пәндерін үйрету мақсатында арнайы уақыттар бөлінген. Балалардың танымдық қабілеттерін ашу мақсатында психологиялық тренингтер жүргізілдеді. Спорт алаңында арнайы жаттығулар жасалып, спорттық ойындар ойнатылып, аптасына 2 рет бассейнге түсіріледі.

Қайсысымен әңгімелессең де, жаз мезгілін жыл сайын асыға күтетінін, мектеп жанындағы лагерьге келу арқылы көп дос табатынын, түрлі іс-шараларға қатысып, көңіл көтеретінін айтып мәз-мейрам болысады. Осылайша лагерьдің әр күні мәнді де сәнді өтуде. Бұл тұста балалардың демалыс күндерін қызықты өткізуге үлес қосқан тәрбиешілердің еңбектерін ерекше атап өтіп, жоғары бағалауға болады. Олар лагерьдің қызықты, көңілді өтуіне аянбай, шаршамай өз үлестерін қосуда. Осылайша, біз – бақытты баламыз тақырыбында өткен «Балдәурен» лагері-оқушылар көңілінен шығуда.

Tags: № 32 мектеп-гимназия

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда