Арайлы Ақтөбе – туған өлкем

Автор: Шалабаева Ж.Б, ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Арайлы Ақтөбе – туған өлкем Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Арайлы Ақтөбе – туған өлкем!» қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының өткізілгені туралы ақпарат.

2016 жылы наурыздың 29 күні сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай 6-10 класс аралығындағы оқушыларға арналған «Арайлы Ақтөбе – туған өлкем!» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы жылда дәстүрлі түрде өткізіледі.

Конференцияның мақсаты: оқушылардың туристік-өлкетану белсенділіктерін арттыру; еліміздің жас ұрпақтарын азаматтық және патриоттық сезімге тәрбиелеу; балалардың туған өлкесіне, тарихи мәдениетіне және рухани мұрасына деген көзқарасын арттыру; ғылыми зерттеу жұмыстары арқылы ізденімпаздыққа баулу.

Конференцияға қаламыздың 8 мектебінен және 2 қосымша білім беру ұйымынан 18 оқушы қатысты. Олар: № 52, 53, 55, 45, 36, 30, М. Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі, 21 орта мектеп-гимназиясы, Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы және Қалалық жас туристер стансасы.

Жалпы мына бағыттар бойынша жеңімпаздар анықталды:

  • І орын: Достанова Іңкәр ҚЖТС, география, туризм және экономика бағыты
  • ІІ орын: Жайлыбаева Нұршат Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы, география, туризм және экономика бағыты
  • ІІІ орын: Құттығұл Дильназ ҚЖТС, география, туризм және экономика бағыты; Бүркітбаева Ақбота № 52 негізгі мектеп, тарих және өлкетану бағыты.
  • «Жас өлкетанушы» номинациясы: Нұрымбет Диляра М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі, Таканова Амина, Тәңірберген Темірлан ҚЖТС, Қасымбек Назерке № 45 ОМ, Ақылбек Іңкәр № 55 ОМ;
  • «Үздік зерттеуші» номинациясы: Маратова Фатима № 52, Сердалина Жұлдыз № 55 ОМ, Истляуп Данияр, Бүркітбаева Ақбала № 55 ОМ.

images images images

Tags: Шалабаева Ж.Б. Қосымша білім Қалалық жас туристер станцасы Тәуелсіздік күні

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда