Ертегі ғажайыптар сыйлайды

Автор: Ауесханова Г.А., бұқаралық-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

imagesҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «25 қайырымды шара» акциясын өткізу мақсатында 6 қаңтар 2016 жылы МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» балалар шығармашылық ұжымы Алға облыстық балалар үйіне барып, 156 тәрбиеленушіге  «Ертегі ғажайыптар сыйлайды» атты қайырымдылық шыршасын ұйымдастырды.

Музыкалық-сахналандырылған қойылымға түрлі мультфильм кейіпкерлері: Винкстер, Мыстан кемпір қарақшыларымен, Қар Ханшайымы өзінің мұздарымен, Аяз Ата Ақшақарымен, ескі жыл – Қой, жаңа жыл – Маймыл, Смешариктер келді.

Қойылым барысында Балалар үйінің тәрбиеленушілері ертегі кейіпкерлерімен бірге түрлі саяхат жасады: бірде олар Мыстан мен қарақшылардың құрсауына тап болса, бірде Қар ханшайымының хандығына түсіп, мұзға айналып жатты әрине, зұлымдық пен қатігездікті жойып, әділдік пен жақсылықты орнататын Аяз Атаның көмегінсіз ештеңе шешілмес еді, сондықтан балалар Аяз Атаны көмекке шақырып, ол барлық зұлымдықты жойып, қаскөй қарақшылар Мен Мыстан мейірімді жандарға айналса, Қар ханшайымының жүрегі еріп, балалармен бірге ойынға қосылды.

Балалар кейіпкерлермен қосылып «Аққала», «Далада қатты аяз», «Бір кемпірдің үйінде», «Бала, биле» т.б. музыкалық ойындарын ойнап, «Жаңа жыл», «Шырша жыры» т.б. әндерді шыршаны айнала шырқады. Әрбір тәрбиеленушінің көзінен қуаныш нұры ұшқындап тұрды, олар қуаныштарын зор қошеметпен білдіріп отырды. Қойылымнан соң барлық балаларға арналған би кеші ұйымдастырылды, бұл жерде тәрбиеленушілер Орталықтың балаларымен бірігіп билеп, шын көңілмен қуанып, достасып та үлгерді. Кеш соңында Аяз Ата барлық 156 тәрбиеленушіге өз дорбасынан сыйлық үлестірді.

МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» шығармашылық және педагогикалық ұжымы көңілдері қаяу балаларға түрлі ертегіге саяхаттауға мүмкіндік туғызып, аз да болса қуаныш нұрын сыйладық деп үміттенеміз.

Tags: Ауесханова Г.А. Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда