«EXPO-2017» аясындағы мұғалімдер байқауы

Автор: Садықова А.С., Ескалиева Г.Т., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

1601152016 жылдың қаңтары айының 8-ші жұлдызында Ақтөбе қаласының білім бөлімі, қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығының ұйымдастыруымен № 56 орта мектебінде  «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық аясында жаратылыстану пәні мұғалімдерінің жаңа бағыттарға бейімділігін анықтау, тәжірибелерін жинақтап, тарату және оларға қолдау көрсету мақсатында «Болашақ бүгіннен басталады» атты қалалық байқау өткізілді. Аталған байқау былтыр «Жаратылыстану пәні бойынша оқушылардың жобалау-зерттеу қызметін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында қалалық деңгейде өткізіліп, мұғалімдердің өтініштері бойынша биылғы оқу жылында әрі қарай жалғасын тапты. Байқауда «ЭКСПО-2017» аясында дайындалған материалдарға айрықша мән берілді.

Байқау 3 кезеңде жүргізілді:

  • ЭКСПО–2017 аясында «Болашақтың энергиясы» тақырыбында баннер дайындау;
  • «Мен тұрып жатқан жерімді қалай көремін» тақырыбында макет дайындау;
  • Бейне көрсетілім (презентация) Ақтөбе қаласының әсем көрікті жерлерінен 7 минуттық бейне көрсетілім әзірлеу.

Байқауға қала мектептерінің жаратылыстану бірлестігі бойынша 21 мұғалім қатысып, жаңа бағыттарға бейімділігін, шығармашылық қабілеттерін, іс-тәжірибелерін және өз өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде № 15, 31 орта мектебінің география және информатика пәндерінің мұғалімдері Балғалиев Аққали, Жолдасбаева Қарлығаш бас жүлдені иеленсе, № 1, 34 орта мектебінің география және физика пәндерінің мұғалімдері Биманов Аян, Утебаева Ботакөз І орынды иеленіп, облыстық байқауға қатысуға жолдама алды.

Tags: Ескалиева Г.Т. № 56 орта мектеп Садықова А.С. EXPO-2017

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда