Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы

Автор: Шалабаева Ж.Б, ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

1602021 2016 жылдың 2 ақпанында № 56 орта мектеп базасында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрліонкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Салтанатқа қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері, ата-аналар және баспасөз өкілдері де қатысты. Салтанатты шараны Қалалық ғылыми-әдістемелік орталық директоры Жания Жарылғапқызы ашып берді.

Келген қонақтарға оқушылар шығармашылығынан «Өмірге күліп қараймын мен» атты көрме ұйымдастырылып, «Керек деген-керемет сөз» тақырыбында тренинг өткізілді. Онда жақсы өмір сүруге жетелейтін, мақсатқа жетуге ұмтылдыратын құндылықтар туралы айтылып, «Бақытыма керек...» атты ән қонақтармен бірге шырқалды. «Рафаэлло» жарнамасы көрсетіліп, «жүрегіңізге жылылық, көңіліңізге күн сыйласын» деген ниетпен қонақтарға ұсынылды.

Одан соң «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты салтанатты кештің ашылуы басталды. Қолына бақыт шырағданын ұстаған Періште бейнесіндегі қыз бала мен ер бала ортаға шықты.Қолындағы ғажапқа таң қалған ер балаға Періште бақытты бөліп беріп, оның да достарымен бөлісуіне себепші болды. «Бөліс,бөліс, достарыңмен» деген Періште сөзінен соң, залға лазер сәулесі таралды. Фанфар ойналып, жүргізушілер ортаға шығып, кеш ән мен биге ұласты. 5-класс оқушысы Фаризаның орындауында «Сәби бақыты» әні, 1-класс оқушылары Аян мен Нұрисламның орындауында «Балдәурен» әні, 5-класс оқушысы Алмат Арайдың орындауында «Ризамын» әндері шырқалды. Өзін-өзі тану пәнін Күн бейнесінде алып шыққан мұғалім мен оқушылар өзін-өзі тану пәнінің құндылықтарына тоқталды, өз бойларына жиғанын көпшілікпен бөлісті.

Бес құндылықты бойымызға жиып, үйлесімде өмір сүрейік деген оймен қонақтар «Құндалықтар» вальсіне шақырылды. Кеш соңы «Тілейміз сізге бақыт» әнін бірігіп шырқаумен аяқталды.

Tags: Шалабаева Ж.Б. № 56 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда