Көк тудың желбірегеніне 25 жыл

Автор: Ақтөбе қ. ҚҒӘО. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

imagesТәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз.

Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнап балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі «Көк тудың желбірегеніне – 25 жыл» атты «Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігінде қайырымдылық мерекелік концерт өткізді. Мерекелік шара 2016 жылдың 13-ші желтоқсан күні сағат 11.00 де өтті. Шараға «Ғажап» мүгедек балалар бірлестігінің мүшелері мен балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйінің ата-аналары қатысты. Өнерпаздарымыз қазақстан туралы әндерін шырқады, би биледі және «Асыл мұра» ансамблінің күйлерін тыңдады.

«Болашақ» ауданында орналасқан «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі» МКҚК өзінің жұмысын 2010 жылдан бастады. Ұжым негізінен 40 шақты адамнан құралған, оның ішінде 35-і қосымша білім беру педагогтары. Ашылған уақытына дейін Үйіміз айтарлықтай дәрежеге жетті. Көптеген республикалық және халықаралық дәрежедегі сайыстардан жүлделі орындарға ие боп келеді. Алда әлі алар белестер мен көтерілер асулар көп деп білеміз.

Мерекелік концертте 2016-2017 оқу жылында балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі жанынан ашылған «Даму» инклюзивті білім беру үйірмесінің мүшелері де қатысып, әндерін шырқады осы үйірме мүшелерінің жұмыс де көрмесі ұйымдастырылды.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда