Біз – Қазақстан патриоттарымыз!

Автор: Ибраева Ә.С., МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

images Мақсаты: Білім алушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігін паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.

Міндеттері: білім алушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру; білім алушылардың өз бетінше ізденуін қадағалау және білімдерін жетілдіру.

БАРЫСЫ:
БІРГЕ: ЕЛБАСЫМЫЗ ҚЫРАНЫМЫЗ
СІЗГЕ БІЗДЕН БҰЛ ӘНІМІЗ
ҚАЗАҚСТАН ҰЛАНЫМЫЗ
ТУЫМЫЗ БІР ҰРАНЫМЫЗ

Залдың іші мерекеге лайық безендірілген.
Көңілінде күннің ажары бар,
Даламдай дархан ғажабы бар.
Шаттыққа кенелген,
Ардақты көрермен, АРМЫСЫЗДАР!
Гүлдей көркем өңірі,
Өнерді сүйген, өлеңді сүйген көңілі.
Бақытқа бөленген,
Көзі ашық көрермен, АРМЫСЫЗДАР!

«Біз-Қазақстан патриоттарымыз!» тақырыбында өтетін мәнерлеп оқу кешіне ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! – деп кешіміз басталады. Қадір Мырза Әлінің сөзіне жазылған, Ескендір Хасанғалиевтің «АТАМЕКЕН» әнін білім алушылар бірге орындадық.

{gallery slider=boxplus.transition animation=3000}sigplus/161214{/gallery}

«Вокал» үйірмесінің білім алушысы Тайман Дильназ «Туған жер» әнін орындады. Мәнерлеп оқу кешіне Орталығымыздың барлық үйірме, студия, мектептерінің білім алушылары қатысты және де ерікті жазылушылар да өз өнерлерін көрсетті. Патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқылды (оның ішінде Қазақстан, Отан, туған жер, Тәуелсіздік тақырыбында болды). «Мәнерлеп оқу» үйірмесінің білім алушысы Сәулетова Биязы өз қаламымен туындаған «Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын!» өлеңін оқыды.

Вокал үйірмесінің «Дара дауыс» дуэті «Алтын өмір-ай» әнін орындады.

«АЛАШ ҰЛЫ» ТРИОСЫ «БАЙТАҚ ЕЛІ ҚАЗАҒЫМ!» әнін орындады. Мәнерлеп оқу кешінде барлығы 25 білім алушы мәнерлеп патриоттық тақырыпта өлеңдерін әсерлі оқыды. «Мәнерлеп оқу», «Жалын», «Арайлы мекен» үйірмелерінің, «Бейнелеу өнері», «Хореография» студияларының білім алушылары белсене атсалысып қатысты.Көрермендер де, ата-аналар да, педагогтар да, білім алушылар да кештің өту барысына риза болып тарқасты.

ҚОРЫТЫНДЫ:
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Патриотты жастарымыз көбейе берсін деген тілекпен кешіміз аяқталады.
Елімізді, жерімізді, Тәуелсіз Қазақстанымызды көркейтетін жастарымыз аман болсын!
Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!
Кездескенше күн жақсы! Қош сау болыңыздар!

Tags: Қосымша білім Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда