Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Автор: Айбасова Д., № 51 гимназияның биология пәні мұғалімі. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

imagesМақсаты: «Жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін өмірде қолдануда білім,білік дағдыларын дамыта отырып, Қазақстан Республикасының дені сау және рухани жан-жақты дамыған азаматын қалыптастыру».

2016-2017 оқу жылындағы педагогикалық шеберхананың жалғасы ҚҒӘО әдіскері А.Садықова және № 51 гимназия директоры Г.Дарибаеваның құттықтау сөздерімен басталып, «Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбындағы шығармашылық шеберхана отырысының ұйымдастыру бөлімімен жалғасты.

«Функционалдық сауаттылықты дамыту жөніндегі атқарылатын жұмыстың жүйелілігі» атты тақырыпта Д.Айбасова қысқаша шолу жасап, функционалдық сауаттылықтың өмірдегі маңыздылығын және оны қолдана білуін ерекше атап өтті. Шығармашылық шеберхана жетекшісі Д.Е.Айбасова слайд арқылы шығармашылық шеберхана моделімен таныстырып, болашақта атқарылатын міндеттерімен бөлісіп, әрі қарай негізгі бөліммен жалғастырды.

Шеберхана мүшелері екі топқа бөлініп, негізгі тақырыпқа байланысты яғни 1-топқа «Биология сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту»; 2-топқа «Жаратылыстану пәні сабақтарындағы функционалдық сауаттылық, шығармашылық пен инновация» тақырыпшалары беріліп, олар өздерінің топ мүшелерімен бірлесе отырып, ассоциация жасап жұмыстарын қорғады. Қорғау барысында оқушыларға функционалдық сауаттылығын арттыратын тапсырмаларды көбірек беру керектігі, жоғарғы класс оқушылары тақырыптарды ашып қана қоймай, оларға байланысты ғылыми жобаларды қорғауға бағыттау керектігі анықталды.

Соңында бүгінгі тақырыптың проблемасы, себептері, дәлелдемелері ашылып, қорытындысы шығарылды. Жұмыстың рефлексиясы жасалып, мұғалімдер өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Қорытынды сөз ҚҒӘО әдіскері А.С.Садықоваға берілді: "Бүгінгі педагогикалық шеберхана өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Әріптесіміз Д.Е.Айбасованың бүгінгі отырысты жаңа форматта ұйымдастырып, өткізуінің өзі ерекше болды. Барлығыңыз бұл мәселені шешуде жұмыла кірісіп, бірлескен жұмыстар атқардыңыздар. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші осындай ұйымшылдықтарыңыз арта берсін демекпін".

Tags: Мектептер № 51 гимназия

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда