«EXPO - 2017» аясында мұғалімдер

Автор: Садықова А.С., Ескалиева Г.Т., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

images2016 жылдың қарашасы айының 25-ші жұлдызында Ақтөбе қаласының білім бөлімі, қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына орай № 6 орта мектебінде «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық аясында жаратылыстану пәні мұғалімдері және оқушыларының жаңа бағыттарға бейімділігін анықтау, тәжірибелерін жинақтап, тарату және оларға қолдау көрсету мақсатында «Болашақ бүгіннен басталады» атты қалалық байқау өткізілді. Аталған байқау былтыр қалалық деңгейде өткізіліп, мұғалімдердің өтініштері бойынша биылғы оқу жылында әрі қарай жалғасын тапты. Байқауда «ЭКСПО-2017» аясында дайындалған материалдарға айрықша мән берілді.

Байқау 3 кезеңде жүргізілді:

  • «ЭКСПО туралы менің көзқарасым» суреттер байқауы (А 3-ге салу)
  • «Мен тұрып жатқан жерімді қалай көремін» тақырыбында макет дайындау
  • Бейне көрсетілім (презентация) Ақтөбе қаласының әсем көрікті жерлерінен 7 минуттық бейне көрсетілім әзірлеу

Байқауға қала мектептерінің жаратылыстану бірлестігі бойынша мұғалімдер мен оқушылардан 56-сы қатысып, жаңа бағыттарға бейімділігін, шығармашылық қабілеттерін, іс-тәжірибелерін және өз өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде № 1, 31 орта мектебінің география және информатика пәндерінің мұғалімдері Биманов Аян, Скендрова Анар, бас жүлдені иеленсе, № 12, Сазды орта мектептерінің география және физика пәндерінің мұғалімдері Қабылов Марат, Умирбаева Мария І орынды иеленіп, облыстық байқауға қатысуға жолдама алды.

Бас жүлде және 1 орынды иеленген жеңімпаздар облыстық байқауға жолдама алды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз !

Tags: Ескалиева Г.Т. Мектептер № 6 орта мектеп Садықова А.С. EXPO-2017

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда