Ғылыми негіздері бойынша пәндік олимпиаданың салтанатты түрде жабылуы өтті

Автор: Ақтөбе қ. ҚҒӘО. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

images2015 жылдың 21 желтоқсаны күні № 40 орта мектеп базасында ғылыми негіздері бойынша пәндік олимпиаданың салтанатты түрде жабылуы өтті.

Олимпиаданың жабылуына мектеп директорлары, ардагер ұстаздар, педагогтер мен ата-аналар шақырылды. Олимпиада жабылуы Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өтті. Бірінші кезеңде жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар, үздіктің үздігі атану үшін жалпы білім беретін мектептердің оқушылары тартысты сынға түсті.

Биылғы жылы да сегізінші рет ғылым негіздері бойынша ең үздік команданы № 9 ОМГ оқушылары дәлелдеп, Олимпиаданың бас жүлдесі- Данышпан Үкі белгісін өздерінде қалдырды.

Бірінші командалық орын-№ 32 ОМГ-да, екінші орын - № 21 ОМГ-да, ушінші командалық орынды - № 11 ОМГ мен № 23 ОМЛ өзара бөлісті. Төртінші орынды - №24 ЛМГ, бесінші орынды - № 3 ОМ және № 25 ОМ иеленді. Барлық жоғарыда аталған мектептер естелік кубогімен және алғыс хаттармен марапатталады.

Олимпиада жүлдегерлері 1,2,3 дәрежелі дипломдар (383) мен алғыс хаттармен(4 орын-186) марапатталды. Жеңімпаздарға арналған құттықау сөздері мен тілектерін қалалық білім бөлімі басшысы орынбасары Р.Тастанбаева және қалалық ғылыми-әдістемелік Орталық директоры Ж.Мухамбетова жолдады.

Tags: Мектептер олимпиада № 40 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда