«Тау барысы - 2016» жарысы өткізілді

Автор: Кенжатова А., МҚКК «Қалалық жас туристер станцасы». Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Тау барысы - 2016Қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында № 60 ЖББОМ 2016 жылдың 3-қарашасында, күзгі каникул уақытында тау туризмі техникасы бойынша «Тау барысы - 2016» жарысы өткізілді.

Жарыс оқушылардың спорттық-туристік белсенділіктерін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, спорттық-туристік бағытта ептілікке, шапшаңдыққа және батылдыққа баулу, тау туризмі техникасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламасы

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламасы2016 жылдың 23 қазаны күні № 42 орта мектебінде «Жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламасы: тәжірибе, толғаныс» тақырыбында қала мектептерінің 1-класс мұғалімдеріне және критериалды бағалауды мектептерде үйлестіруші бағытында біліктілігін арттырып, курстан өткен мектеп директорларының орынбасарларына арналған «Педагогикалық шеберлік орталығы» мен «Қалалық ғылыми әдістемелік орталығымен» бірлескен дөңгелек үстел барысында пікірталас өтті. Пікірталасқа қала мектептерінен 81 педагог қатысым жасады.

Дөңгелек үстел жұмысын № 42 орта мектеп директоры Р. Е. Сексенов бастап, «Педагогикалық шеберлік орталық» ДББҰ директоры Табилия Адиетқызы қатысушылармен «Жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламасы аясындағы ерекшеліктер, жоспарлар, қосымша ақпараттар» тақырыбында ой бөлісті. Жаңалықтарды талқылады.

Иновациялық технологияларын сабақта пайдалану тиімділігі

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Иновациялық технологияларын сабақта пайдалану тиімділігі2016 жылдың 3 қарашасында «Қызылжар орта мектебі» ММ-де Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен бірлесе отырып «Оқытудың иновациялық технологияларын сабақта пайдалану тиімділігі және табысқа жету жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға облыстық ғылыми-тәжірибелік орталықтың әдіскері – Н. Е. Танирбергенов, қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың директорының орынбасары – С. А. Бектенгалиев және облыстық «Интеграция» желілік қоғамдастық мүшелері қатысты.

Семинарға Шалқар, Алға, Мәртөк, Ойыл, Хромтау, Мұғалжар, Әйткеби, Темір аудандарының деңгейлік курстан өтпеген жас мамандары шақырылды.

«Қолөнер» үйірмесіндегі атқаратын рөлі

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Этнопедагогиканың «Қолөнер» үйірмесіндегі атқаратын рөлі 2016 жылдың 2 қарашасында Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйінің қосымша білім беру педагогі А. Т. Балмагамбетов «Этнопедагогиканың «Қолөнер» үйірмесіндегі атқаратын рөлі. ПВХ материалымен жұмыс істеу әдісі» тақырыбында қала көлеміндегі шебер-класын өткізді. Шебер-класқа қаламыздың 22 орта мектебінен және 2 қосымша білім беру мекемелерінен барлығы 30 педагог қатысты.

Шебер-кластың негізгі мақсаты қатысушыларды қобыз аспабын жасау технологиясының әдісімен таныстыра отырып, өзара тәжірибе алмасу болып табылады.

Аясында педагогтардың көшбасшылық дағдыларын дамыту

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Аясында педагогтардың көшбасшылық дағдыларын дамыту2016 жылдың 4 қараша күні Ақтөбе орта мектебінде мектеп аралық «Шапағат» желілік қоғамдастығы «Білім мазмұнын жаңарту аясында педагогтардың көшбасшылық дағдыларын дамыту» тақырыбында № 31 ҚОМ және Красносель НМ көшбасшыларының ұйымдастыруымен қалалық семинар өткізілді. Семинарға № 5 ОМ, № 6 ОМ, № 31 ОМ, № 54 НМ, № 58 ОМ, Красносель НМ, Сазды ОМ және Ақтөбе ОМ ұстаздары және қалалық ғылыми әдістемелік орталығы директорының орынбасары С. А. Бектенгалиев қатысты.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда