Ей табиғат, естимісің сен мені

Автор: Копжасаров Б.У., МҚКК «Қалалық көркемсурет лицейі». Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Ей табиғат, естимісің сен мені Қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Ей табиғат, естимісің сен мені!» атты қалалық жас натуралистер станцасында «Тірі табиғат» бұрышында ашық аспан аясында плэнер өткізілді. Қалалық көркемсурет лицейінің бір топ оқушылары және натуралистер станциясының қызметкерлері ұйымдастырумен өткен күндікте тірі табиғат әлемінің әсері балаларды тамсандырды.

Пленерге әр жастағы балалар қатысып, өздерінің көз алдында жүріп болып жатқан тамаша натуралистер станцасының құстар, үй жануралары, бауырымен жорғалаушы жәндіктері балаларды тамсантты. Балалар мұндай сәтте, әсіресе жануралармен жандасқанда ойлырын ашып, өзгеше жаңа сезімге бөленіп, табиғатқа пен жанурларға айналаға деген ыстық махаббатқа бөленді.

«Кішкентай білгірлер» интеллектуалдық олимпиада

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

2016 жылдың 7 қазаны күні Ақтөбе қаласы мектептерінің 4-класс оқушылары арасында «Кішкентай білгірлер» атты қалалық құрама топтық интеллектуалдық олимпиада өткізілді. Мақсат: 4-класс оқушыларының ішіндегі дарынды оқушыларды анықтау. Құрама топқа әр мектептен оқыту тіліне қарай оқу үлгерімі озат төрт оқушы алынды. Қаладағы 71 мектептен 54 қазақ тілінде, 24 орыс тілінде білім алатын, барлығы 78 топ қатысты.

Олимпиада Ережесі бойынша байқаудың бірінші кезеңінде құрама топтың әрбір мүшесі қазақ немесе орыс тілдерінен, математика, дүниетану пәндерінен тест тапсырмаларын орындады. Тест жауабының жалпы қорытындысы топ мүшелерінің жинаған ұпайларының қосындысымен есептелінді. Бірінші кезеңнен өткен топтар екінші кезеңде логикалық тапсырмаларды орындады. Үшінші кезеңде үй жұмысына орындап келген альбомдары есепке алынды.

Өзін – өзі тану пәні бойынша олимпиада қорытындысы

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

2016 жылдың 8-қазаны күні Ақтөбе қаласы мектептерінің 5-9 класс оқушылары арасында «Өзін – өзі тану пәні бойынша олимпиада» республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді. Мақсат: Өзін – өзі тану пәні бойынша оқушыларының ішіндегі дарынды оқушыларды анықтау. Қаладағы 71 мектептен 5-9 кластардан 125 оқушы қатысты. Олимпиада Ережесі бойынша байқаудың бірінші кезеңінде әрбір бала берілген тақырыпта 2 астраномиялық сағат ішінде эссе жазды және жеке оқушылардың портфолиосы бағаланды.

Нәтижесі бойынша 7-9 класс оқушыларының І орынды иеленген жеңімпаздыры облыстық кезеңге жолдама алды. Ал, бірінші рет қатысым жасаған 5-6 класс оқушыларына серпін беріп, келесі жылға алғашқы дайындық болды деп есептейміз.

Халықаралық туризм күніне туриада жарысына ақпарат

Автор: МҚКК «Қалалық жас туристер станцасы». Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Халықаралық туризм күніне туриада 2016 жылдың 29-30 қыркүйек айында Өрлеу елді мекеніндегі «Достық» лагерінде мектеп оқушылары арасында Халықаралық туризм күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спорттық туризм техникасы бойынша туриада өтті. Туриада спорттық-туристік шеберлікті арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық-туристік бағытта ептілікке, шапшаңдыққа және батылдыққа баулу және оқушылар арасында туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Команда құрамы 6 адам (4 бала + 2 қыз) жалпы туриадаға 6-9 класс аралығындағы оқушылардан құралған топтар қатысып бақ сынасты. Туриадаға 70 оқушы қатысты.

Туриадаға барлығы 10 қала мектептерінен 10 топ және аудан мектебінен бір топ қатысты. Олар: № 24 ГМЛ «Жас талап» командасы; № 31 ОМ «LEVStur» командасы; № 53 ОМ «Банда» командасы; № 1 ОМ «ЛЭВИСТ» командасы; № 8 ОМ «8 долгата» командасы; № 45 ОМ «45 алауы» командасы; Новый ОМ «Олимп» командасы; № 37 ОМ «Жалын» командасы; № 50 ОМ «Алау» командасы; Благодар ОМ «Тәуелсіздік қырандары» және Мәртөк ауданы Саржансай ОМ «Сұңқар» командасы жарысқа қатысқан болатын.

Әкем, анам және мен біз - туристік отбасы

Автор: Кенжатова А., МҚКК «Қалалық жас туристер станцасы». Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Әкем, анам және мен біз - туристік отбасыҚалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында жаңадан ашылған № 60 орта мектебінде 2016 жылдың 9 – қыркүйекте Отбасы күніне орай «Әкем, анам және мен біз - туристік отбасы» атты спорттық-туристік жарысы өткізілді. Жалпы жарыста ата-аналар мен оқушылардың спорттық–туристік белсенділіктерін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, спорттық - туристік бағытта ептілікке, шапшаңдыққа және батылдыққа баулу мақсатында ұйымдастырылды.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда