Білімді ел – Мәңгі ел

Автор: Ескалиева Г.Т., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 25 тамыз күні № 25 ОМ базасында математика, физика, информатика пәндерінен «Білімді ел – Мәңгі ел» атты тақырыбында тамыз кеңесінің секциялық отырыстары өткізілді. Жұмыс барысында барлығы 245 мұғалім қатысып, 2015–2016 оқу жылының қорытындысы талданып, биылғы оқу жылының жаңалықтарымен таныстырылды.

images images images

Секционные заседания дошкольных организаций

Автор: Шалабаева Г.У., ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Одним из завершающих августовскую конференцию руководящих и педагогических работников города Актобе стали секционные заседания заведующих, методистов, воспитателей, учителей казахского, русского и английского языков, логопедов, психологов дошкольных организаций, которые состоялись 25-26 августа 2016 года на базе детского сада «Айлин».

Секционные заседания дошкольников Секционные заседания дошкольников Секционные заседания дошкольников

Тамыз конференциясының әсерлері

Автор: Копжасаров Б.У., МҚКК «Қалалық көркемсурет лицейі». Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Тамыз конференциясыТамыз конференциясы аясында Ақтөбе қаласының қосымша білім беру педагогтерінің көркем өнер бөлімдеріне қалалық семинар отырысы Қалалық көркемсурет лицейі базасында өтті. «Заманауи білім беру технологигяларын анықтау және эстетикалық циклдағы пәндердің тәсілдері мен балалардың дарындылағын дамыту» тақырыбында өткізілген семианарға қалалық қосымша білім беру мекемелерінің 12 педагогі көркемсурет лицейі шығармашылық пәндерінің мұғалімдері дайындаған семинар-тренингте болып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.

Қосымша білім беру педагогі Н.М. Құрманованың «Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық көмек беру мақсатында көркемсурет шығармашылығы әдістерін қолдау» тақырыбына болса, келесі тақырыпты қосымша білім беру педагогі А.А. Амитова «Балалар мен ата-аналардың бағалауында қосымша білім берудің қазіргі заманғы жүйесінің тартымдылығы» тақырыбында тренинг шебер-класын көрсетті. Қалалық семинардың осы бөліміне жауапты Қалалық көркемсурет лицейі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Р.Көпжасаров семинардың бағдарламасын өңдеп, семинар қатысушыларына көркемсурет лицейінің көрме залындағы оқушылар жұмыстарының «Алтын қорын» тамашалау үшін экскурсия өткізді.

Новые программы, инновации и компетентностный подход

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Білімді ел – Мәңгі ел Бүгін, 29 тамыз 2016 жылы, қаламыздың «НұрАқтөбе» мөлтекауданында оқушыларға білім есігін айқара ашқалы тұрған жаңа мектепте дәстүрлі түрде білім беру қызметкерлеріне арналған «Білімді ел – Мәңгі ел» тақырыбында тамыз конференциясы өтті.

Бұл кеңесте Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, қалалық әкім Ильяс Испанов, облыстық мәслихат хатшысы Сания Қалдығұлова, қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасова, облыстық білім басқармасының басшысы С. Өмірбекова, сонымен қатар білім беру ұйымдарының басшылары, депутаттар, ардагер ұстаздар, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдер, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

Пленарлық отырысқа келген қонақтарды пилоттық жоба бойынша апробациядан өткен мектептер, мектептен тыс мекемелер, мектепке дейінгі ұйымдар көрмелерімен қарсы алды.

Жаратылыстану пәндері бойынша секция отырысы

Автор: Садықова А.С., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Білімді ел – мәңгі ел2016 жылдың 25 тамызында № 26 орта мектеп базасында жаратылыстану бірлестігі бойынша (химия, биология, география) пәндерінен «Білімді ел – мәңгі ел» тақырыбымен қалалық жаратылыстану пәні мұғалімдерінің секция отырыстары болып өтті. Секция отырысына қала мектептерінен барлығы 193 адам қатысып, 18 баяндама тыңдалды.

«Мұғалімнің кәсіби өсу жолдарының презентациясы», «Шығармашылық жобаны қорғау», «Коучинг-сессия» «Семинар-практикум» түрінде өткен отырыс екі тілде өтті. Отырыста қала мектептерінің алдыңғы қатарлы озық тәжірибелі мұғалімдердің баяндамалары ортаға салынып, талқыланды. Сонымен қатар биылғы 2016-2017 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хаттағы пәндердің мазмұны жетік талқыланып, рұқсат етілген кітаптар тізімі (оның ішінде 8 кластың жаңа оқулығы) айтылды.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда