Oқытудың жаңа стратегиялары, бағалаудың жаңа жүйесі

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

imagesЖаңашылдыққа толы жылға бастама берер «Білімді ел – мәңгілік ел» тақырыбындағы тамыз маслихаты аясында 2016 жылдың 25-тамызы күні Новый орта мектебінде Қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту: оқытудың жаңа стратегиялары, бағалаудың жаңа жүйесі» тақырыбындағы директордың бастауыш кластар ісі жөніндегі орынбасарларына арналған педагогикалық керуен және 1-класс мұғалімдеріне арналған әдістемелік эстафета өтті.

Педагогикалық жұмыстар мақсаты: жаңартылған мазмұндағы бастауыш білім беру бағдарламасын енгізу бойынша апробация жүргізілген мектептердің іс–тәжірибесімен бөлісу, жүзеге асыру жолдарын көрсету, бағалаудың жаңа жүйесін талдау.

Марафон здоровья в пришкольном лагере Гимназии № 9

Автор: Гимназия № 9. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Марафон здоровья в пришкольном лагере Гимназии № 9 В Гимназии № 9 функционирует пришкольный оздоровительный лагерь дневного пребывания «Планета детства». В день открытия лагеря организован флешмоб, подготовленный хореографом школы, в котором участвовали дети, посещающие лагерь, воспитатели, учителя школы, спортивный руководитель, медицинский работник. Целью организации пришкольного лагеря является организация досуга, оздоровление детей.

В целях выполнения акции «Марафон здоровья – 2016» в лагере ежедневно проводятся утренние зарядки на свежем воздухе, подвижные игры на спортивной площадке под названием «Час здоровья» с использованием спортивного инвентаря: скакалок, мячей, обручей. В зарядке принимают активное участие и воспитатели, медицинский работник, спортивный инструктор. Для детей организовано полезное питание, которое представляет собой сбалансированное меню, включающее овощи, фрукты, молочные и мясные продукты, а также злаки. Меню ежедневно контролируется медицинским работником школы. Также им ежедневно проверяется общее состояние детей.

В программу мероприятий лагеря включены такие праздники, как «День здоровья и красоты», «Солнце, воздух и вода - наши лучшие друзья», «Тропа доверия», «День полезного смеха». Во время их проведения дети составляли коллажи, придумывали синквейны, делали постеры, посвященные здоровому образу жизни. На территории лагеря выставлен теннисный стол, шахматы, шашки и другие настольные игры, в которые дети могут поиграть в свободные минуты.

Біз – бақытты баламыз

Автор: Улыкпанова Ж.А., № 32 мектеп-гимназия. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Біз – бақытты баламыз «Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз» – деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьлерге баруға асығады. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. № 32 мектеп-гимназия жанынан маусым айында ашылған «Балдәурен» жазғы демалыс лагері жұмыс жасайды.

Бүгінде жазғы демалыс лагерінде 35 балдырған уақыттарын көңілді өткізуде. Лагерімізде балалар ер балалардан құралған «Қыран» және қыз балалардан құралған «ДосStar» тобы болып бөлінген. Лагерьге келген балаларды мектеп медбикесі денсаулықтарын тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізеді. Жазғы лагерьде балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмаған. Арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша балаларға 4 мезгіл тамақ беріледі.

Сәт сапар саған жас түлек

Автор: № 10 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Сәт сапар саған жас түлек 25 мамыр күні мектеп алаңында «Сәт сапар саған жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Осы оқу жылында 34 түлек, оның ішінде 19 түлек жаратылыстану – математикалық бағыт және 15 түлек қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша бітірді. Соңғы қоңырау Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келгендігін атай отырып, мектептің Нұр би ансамблімен «Жас жауынгер» патриоттық клубы бірлескен шеру салтанатты жиынды бастады. Шеруге барлығы 1-6, 10 класс оқушыларынан құралған 75 адам қатысты.

2015- 2016 оқу жылын 198 оқушы үздік оқығаны үшін «Мақтау қағазымен» марапатталды. Оның ішінде биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын аттап, өз білімдерін дәлелдеп оқу озаттары атанған 1 кластың 63 оқушысы қалалық білім бөлімінің басшысы Л. А. Уразбаеваның қолынан мақтау қағазын алды. «Қош бол мектеп!» атты бағдарламасымен жас түлектер өз өнерін көрсетіп, мектепке деген ыстық ықыласын білдірді. Бағдарлама барысында «Мектеп белестері» атты көрінісі өте әсерлі , мағыналы болды. Оқушылар өздерінің мектепке алғаш қадам басқаннан бастап, мектептен алған тәлім- тәрбиелерін және ұстаздардың еңбегін көрсете білді. Қоштасу әндерін шырқай отырып, аспанға үлкен шарға жазылған арман тілектерін ұшырды.

Мектеп бітіруші жас түлектер, алтын белгіге үміткерлер Мұқышева дана мен Жәрдемғалиева Гүлбақыт білімнің алтын кілтін 10 кластың үздік оқушылары Аманқұлова Айдана, Жүсіпқалиева Фариза, Темірбаева Аяжанға табыстады. Барлық 34 түлек 17 жұп болып қоштасу вальсін билеп, соңында мектеп гимнін барлық № 10 мектеп оқушыларымен ұстаздары бірге шырқады. Осындай патриоттық тәрбие мен білімге деген құштарлық ұштасқан жиыннан түлектеріміз соңғы қоңырауды өз қолдарымен соға отырып, қимастықпен тарқасты.

Жазғы демалысын үйлестіру жоспары туралы

Автор: Уразбаева Л.А., Ақтөбе қаласының білім бөлімі бастығы. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын үйлестіру жоспары туралы Ақтөбе қаласының білім бөлімі 52 мыңнан астам қала мектептерінің оқушыларын қала сыртындағы, мектеп жанындағы және шатырлы лагерьлермен қамтамасыз етуді жоспарлауда.

Қала мектептерінде бюджет қаржысынан 1900 оқушыны және ата-анасы есебінен 1859 оқушы мектеп жанындағы лагерьге үш маусымдық кезеңмен қамтиды.

Қала сыртындағы лагерьлерге бюджет есебінен демалыс ұйымдастыру жоспарлануда («Достық», «Восток», «Энергетик», «Асем» және «Самғау», «Батыр» шатырлы лагеріне және «Ақбөбек» оңалту орталығында) 998 оқушы (жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балалар, көп балалы отбасы балалары, толық емес, аз қамтылған балалар, мүгедек және даму мүмкіндігі шектеулі балаларға).

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда