«EXPO-2017» аясындағы мұғалімдер байқауы

Автор: Садықова А.С., Ескалиева Г.Т., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

1601152016 жылдың қаңтары айының 8-ші жұлдызында Ақтөбе қаласының білім бөлімі, қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығының ұйымдастыруымен № 56 орта мектебінде  «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық аясында жаратылыстану пәні мұғалімдерінің жаңа бағыттарға бейімділігін анықтау, тәжірибелерін жинақтап, тарату және оларға қолдау көрсету мақсатында «Болашақ бүгіннен басталады» атты қалалық байқау өткізілді. Аталған байқау былтыр «Жаратылыстану пәні бойынша оқушылардың жобалау-зерттеу қызметін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында қалалық деңгейде өткізіліп, мұғалімдердің өтініштері бойынша биылғы оқу жылында әрі қарай жалғасын тапты. Байқауда «ЭКСПО-2017» аясында дайындалған материалдарға айрықша мән берілді.

Ертегі ғажайыптар сыйлайды

Автор: Ауесханова Г.А., бұқаралық-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

imagesҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «25 қайырымды шара» акциясын өткізу мақсатында 6 қаңтар 2016 жылы МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» балалар шығармашылық ұжымы Алға облыстық балалар үйіне барып, 156 тәрбиеленушіге  «Ертегі ғажайыптар сыйлайды» атты қайырымдылық шыршасын ұйымдастырды.

Музыкалық-сахналандырылған қойылымға түрлі мультфильм кейіпкерлері: Винкстер, Мыстан кемпір қарақшыларымен, Қар Ханшайымы өзінің мұздарымен, Аяз Ата Ақшақарымен, ескі жыл – Қой, жаңа жыл – Маймыл, Смешариктер келді.

Жан жылуы

Автор: Бекешова А., «Ақ желкен» аула клубының педагог. Опубликовано в Мұрағат (2016 жылы)

160108

Қайырымдылық - бұл елімізге тән дәстүрлердің бірі. Ата-бабаларымыз жақын адамдарға жақсылық жасау ұғымын жақсы түсінсе, қазіргі таңда қайырымдылық әрбір азаматтың борышына айналды. Ақ желкен аула клубының ұжымы мен оқушылары 6 жылдан бері «Үміт» балалар үйінің тәрбиенушілерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтауды әдетке айналдырды.

«Жан жылуы» атты шара барысында Аяз-ата мен Ақшақар балалардың дайындаған тақпақтарын тындап, тәтті мен жемістерден тұратын сыйлықтар үлестірді. Бұл игі шара жанары жәудіреп, жылылық күтетін жас бүлдіршіндерге қоғам тарапынан көрсетіліп жатқан мейірім мен қамқорлықтың ізгілікті көрінісінің бірі.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда